Қара баланың қамын кім ойлайды?
Жалпы, ХХ ғасырдың соңынан бастап әлемдікбілім кеңістігінде үлкен өзгеріс басталды.
Жаһандану, ақпараттық революция, нано,биотехнологиялардың қарқынды дамуы, жедел өзгерген өмір адамзаттың әлемдік көзқарасынтүбегейлі өзгертті. Сондықтан да Қазақстанның білім жүйесіндегідей «дағдарыс»бүкіл әлімді жайлаған. Тек бізде ол тереңірек сезіледі. Бір ғана мысал. Әлемғалымдары сіздің жиған біліміңіздің ХХ ғасырда 10-15 жылға дейін жарайтынынайтса, ХХІ ғасырдың басында 2,5 жылдың ішінде ескіретінін құлаққағыс жасаған. Ал2015 жылы бұл көрсеткіш 1,5 айға, 2020 жылы 72 сағатқа жетеді екен. Мәселен,таңертең алған ұялы телефоныңыздың маркасы кешке жетпей ескіріп қалып жатады.Осындай жылдамдықпен дамып тұрған заманда білім де жылдам өзгерістерге бейімболуы тиіс. Ал біздің оқу бағдарламамыз,әдіс-тәсіліміз, көпшілік мамандардың ой-өрісі әлі де ХХ ғасырдың ауылында деугеболады. Бейнелеп айтқанда, бес жасынан компьютердің құлағында ойнайтын бастауышсыныптың баласын кезінде 50-ге келген азаматтарды оқытқан оқу бағдарламасыменбілім беріп жатырмыз. Бұл баланың жүрегін шайып, білімге деген құштарлығынсөндірмей ме? Мамандар жүргізген сауалнамаға еліміз оқушыларының 78 пайызы«біздің мектепте алған біліміміз өмірде керек емес» деп жауап берген. Яғни бұлкөңілге селкеу түсірер басты күдік. Олай болса, орта білім беру саласындағыбағдарламаның да, әдістеменің де, технологияның да тозығы жетті ме деген ойтуады.
Жуырда басылымдардың бірінде әлемдікдеңгейдегі оқытушы, жапон текті АҚШ физигі Митио Какудың болашақтағы білім жүйесітуралы болжам жасаған өте қызықты материалы жарияланыпты. Оның «Болашақфизикасы» кітабын оқыған көзі ашық, көкірегі ояу адам ХХІ ғасырдағы адамзатдамуының келешекте қай бағытта өрбитіндігінен алғашқылардың бірі болып хабардар болары сөзсіз. The NewYork Tіmes газетінің бағалауы бойынша,Нью-Йорктің ең үздік адамы ретінде танылған Митио Каку жақын болашақта біліминтернет-технология мен гаджеттерге сүйенетін болады дейді.
Каку мырзаның айтуынша,болашақта мектептер виртуалды күйге көшетінін болжайды. Яғни бала жақынболашақта қазіргі үйреншікті жағдаймен мектеп ғимаратына бармай, үйде отырып-ақәлемнің кез келген бұрышындағы мектептерге оқуға қабылданып (тіл білсе болды),білім алу мүмкіндігіне ие болады. Мәселен, Атырау облысының шалғай ауылында тұратынбала Алматыдағы Жәутіков атындағы физика-математика мектебіне немесе тіл білсе,Британияның әйгілі Headington School мектебінде оқиалады деген сөз.
Әлемдегі коронавирус жағдайына байланыстыжарияланған пандемия Каку мырзаның осы болжамын жақындатып берген сияқты.Карантинге орай, көптеген мектептер қашықтықтан оқуға көшті емес пе? Жалпы, бұған дейін де біз қазіргі балалардың ұялытелефон мен түрлі гаджеттердің құлағында ойнайтынын айтқанбыз. Ендеше, қашықтаноқуға бала психологиясы дайын. Бұл – мәселенің басы. Ал енді қашықтан оқытудыңеліміздегі қазіргі жағдайына тоқтала кетейік. Оның пайдасы мен жағдайына көңілаударып көрейік.
Қашықтықтан оқытудың пайдасы: біріншіден,бала өзіне ыңғайлы қалаған уақытында күнделікті білім алуға мүмкіндік алады. Екіншіден,онлайн берілген сабақ таспаға жазылып берілген соң, бір тыңдағанда түсінбегенматериалды қайта-қайта көруге мүмкіндігібар. Үшіншіден, салмағы ауыр кітаптары бар сөмкені көтерудің қажеті жоқ. Төртіншіден,үш-төрт ауысымды мектептердің проблемасышешіліп отыр. Бесіншіден, бала көбіне-көп ата-анасының, яғни отбасымен бірге,оның тәрбиесі мен бақылауында деген сөз. Алтыншыдан, бала отбасында болған соң,оның сыртқы (буллинг) қысымға ұшырау қаупі төмендеп отыр.
Ал енді кемшіліктері неде? Біріншіден,біздің мемлекеттегі жауапты министрлік қыруар қаржы бөлініп жатса да, шалғайауылдарды жылдам интернетпен қамтамасыз етіп үлгерген жоқ. Мұның зардабын біріншікезекте ауыл мектебінің оқушылары тартатыны сөзсіз. Оның обалы солминистрліктегі ағаларына. Екіншіден, білім және ғылым министрлігі мектептердіцифрландыруға талай қыруар қаржы жұмсап, оны да ұқсата алмай жоқ қылды. Ақшабөлінді, нәтиже құмға сіңген судай болды. Мәселен, бір кездері e-Learningжобасына құйылған 30 миллиардтан аса ақшаның қайда кеткені белгісіз. Сұрауы жоққайран елдің қаржысы. Енді қазір сол жігіттер жаңадан «білімленд» жобасын ойлап тауып, ары қараймемлекеттен тағы қыруар ақша алып жатыр. Оның пайдасы қандай, нәтижесі неболмақ? Білім сапасына қандай оң ықпал беріп жатқанынан ешкім хабарсыз.Мәселен, PIZA-2018, ICILS, PIAAC сынды халықаралық зерттеулердің нәтижесібойынша Қазақстанда білім деңгейі соңғы орында. Бұл қалай? Сонда мемлекет қажетсіз бағдарламаларға бекер ақша жұмсапкелген бе? Бұл жобалардың артында кім тұр? Ешкім тұрмаса, онда оларға негеесепсіз қаржы бөлінген? Министрлік қайда қараған? Сұрақ көп, өкінішке қарай,тұшымды жауап жоқ. Үшіншіден, бала мектептегі қысымнан құтылғанымен, кейбіріотбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін. Төртіншіден, онлайнсабақтардың сапасына кім жауапты? Оны қадағалап жатқандар бар ма?
Жақында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі оқупроцесін түсіндірді. Министрліктің арнайы бұйрығына орай, баланы балабақшаларғақазіргі жағдайда жіберу немесе жібермеу ата-ананың өз еркінде. Біздің ойымызша,ел бойынша балаларды уақытша үйде ұстаған тиімді еді.
2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуіргедейін балалар көктемгі демалыста. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдеріқашықтықтан жұмыс істейді. Әріптестерімізге әдістемелік және сабаққа дайындықжұмыстарын үйде отырып орындауға болады. Бұл енді қалада шешілетін мәселе. Ауылдықайтеміз?
16 наурыздан бастап колледждер мен ЖООстуденттері қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшті. Оқытупроцесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сайжүргізілуде. Бұл – министрдің сөзі. Бірақ шалғайда жүрген студенттерін білімордалары іздеп жатыр ма?
Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтермен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқытуқұралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады.Бізде Bilimland, Google Classroom, MOODLE, Univer, Platonus, Canvas,Daryn.online сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ Coursera өз курстарын тегінұсынды және ZOOM оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады. Бірқарағанда бәрі тамаша. Ал біз алдағы уақытта өңірдегі тілшілеріміз арқылыкөкейдегі сауалдарға жауап іздейтін боламыз.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ