Қарағандыда 130 медбике тамыздан бері еңбекақыларын алмаған
Қарағанды облысында темір жол станцияларында еңбек етіпжүрген 130 медбике тамыздан бері жалақы алмаған.
Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.
Еліміз бойынша темір жол станцияларында сегіз жүздеймедбике жұмыс жасайды. Қарағандылық медбикелердің айтуынша, өзге өңірлердегімамандар да жалақыға жете алмай жүр.Теміржолдағы медбикелердің еңбекақылары 35-40 мың теңгеденаспайды. Алайда осы қаражаттың өзі тамыздан бері қолдарына тимеген. Бес жылданбері теміржол қызметкерлерінің денсаулығын қарап жүрген Роза ҚАЙЫРБЕКОВАНЫҢайына алатыны 35 мың теңге.
«Еңбегіміздің ақысынқыркүйектен бері алмадым. Қазір қараша болды ғой. Мен енді көшеге шығып қайырсұрай алмаймын ғой. Күнделікті қант пен шәйға, жолға ақша қалмады»,- депқынжылады Қарағанды-Сұрыптау станциясының медбикесі Роза Қайырбекова.
"ҚазақстанТемірЖолы" АҚ заң бойынша өз қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізе алмайды. СондықтанТеміржол бұл қызметті көрсету үшін тендерге жүгінеді. Осы жылы сәуір айындатендерді Алматыдағы теміржол ауруханасы жеңіп алыпты. Алматыдағы бұл теміржолауруханасы болса, жалақының кешеуілдеуін құжаттарды рәсімдеуге көп уақыттың кетуімен байланыстырады. Алыс өңірдегістанциялардағы медбикелердің жұмысжөніндегі қаулы қағаздары поштамен ұзақ жүріп жетеді екен.
«Біз айдың жиырмабесінен бастап есеп беру қағаздарын жинай бастаймыз. Бұл бізге келесі айдың онбесіне қарай келеді. Содан кейін бұл қағаздарды жібереміз деп тағы бір айжоғалтамыз. «Қазақстан темір жолы» бұл есеп беру қағаздарын тексереді оған даәжептәуір уақыт кетеді. Осының салдарынан екі айдай уақытты жоғалтып аламыз»,-деп мәлімдеді Алматы теміржол ауруханасының құқықтық қамтамасыз ету мен кадрлықжұмыстар қызметінің бастығы Бауыржан ОСПАНОВ.
Алматы теміржол ауруханасы мамандарының айтуынша, бұрынғыжылдары еңбекақыны аудару әдісі басқаша болған. Сол кезде бұл қызметкетөленетін қаржының үштен бір бөлігін ҚазақстанТемір Жолы АҚ-на алдын ала төлемретінде аударып отырған. Осы қаражат жалақы ретінде уақытында төленген екен.
Фотолар автордікі.