Қарағандыда бұрынғы вице-министрге айыптау актісі оқылды
Қарағанды қаласында бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий ШКАРУПАҒА және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындамыту қорының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайсар БАЙДАЛЫ мен«Energo» ЖШС директоры Ерлан НАБИЕВКЕ прокуратура айыптау актісіноқыды.
Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының Қарағандыдағы тілшісі хабарлайды.
Кеншілер қаласында Энергетика министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотжүріп жатыр. Қылмыстық іс 115 томнан тұрады. Сот барысында 140 куәгерден жауапалынатын болады. Тергеу орындары айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге негізретінде Саран қаласында орнатылған жылу жүйесінің есептеу құрылғыларыныңқазіргі жағдайын көрсеткен екі жүзден астам бейне түсірілім файлдарын ұсынған.Анатолий Шкарупаның қамауда отырғанына 1 жыл екі ай болған. Бұрынғывице-министрге және қасындағы екі айыпталушыға 215 млн теңге мемлекетқаражатының талан-таражға түсуіне қатыстары бар деген айып тағылуда. АнатолийШкарупа Саран қаласында әкім болған кезде бөлінген қаражатқа тұрғын үйлер үшінортақ жылу есептеу құрылғысын орнатып жіберген. Бұл есептеу құрылғылары күнібүгінге дейін босқа тұр, өйткені қалада жылу қазандығын салып бітпеген.
«Анатолий Шкарупаның қылмыстық әрекетіесептеу құрылғыларын ешқандай монтажсыз, тиісінше орнатылмаған күйде қабылдап алу актісіне қол қоюдыұйымдастыруда болып отыр», — деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан ТАМАБАЕВ.
Еске сала кетсек, бұрынғы вице-министрге қатысты сот отырысы 15 қарашадабасталған болатын. Сол кезде айыпталушылардың адвокаттары сот Нұр-Сұлтанқаласында өтсе деп өтініш білдірген болатын. Алайда сот Қарағанды қаласындажалғасып жатыр. Анатолий Шкарупа мен Қайсар Байдалы қамауда отыр. Ал ЕрланНабиев ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беру арқылы бостандықта жүр.
Фото: today.kz