Қоғам

Қарағандыда радикалды топ қолға түсті

Елімізде тағы бір радикалды діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді. Нақтырақ айтсақ, сәрсенбінің сәтінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ өкілдерін құрықтады.

Қарағандыда радикалды топ қолға түсті
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, арнайы операция жүргізу барысында топтың үш мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынған. Аталған адамдар террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдіктелуде. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жарияланбайды.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз