Әлеумет

Қарағандылық кәсіпкерлер мемлекеттік тілде қате жазады

Қарағандықаласындағы көшеде жарқырап тұратын мемлекеттіктілдегі жарнама қатеге толы.

Қарағандылық кәсіпкерлер мемлекеттік тілде қате жазады

Осы уақытқа дейін қаланың қазақшасын жөндеуге әкімдермен тілдер басқармасының да шамасы келмей-ақ қойды. Әкімшіліктегіжиналыстарда   шенеуніктердің  қазақша ізет білдіріп, амандасқаннан әрі асаалмайтыны облыс әкімін де қала әкімін де аса толғандыра қоймайтын тәрізді.Дегенмен жақында ғана Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ "қазақтілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуміз керек" деп жұртқа мәлімдеме жасаған болатын. Президенттің  осы сөзі серпін берді ме кім білсін Қарағандықаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қала көшелеріндегіжарнамадағы қатені іздеу үшін рейд жұмыстарын жасауға кірісті. Алайда қаланыңОрталық базарындағы жарнамадағы қазақшаны қатыра алмаған кәсіпкерлер"құқығымыз тапталды, тексерістің болатыны жөнінде ресми қағаз жоқ " депқарсыласып өре түрегелді. Рейд барысында тіл мамандарымен бірге мемлекеттіктілде жазылған жарнаманың қатесін тексеріп жүрген, қоғам белсенділері болсамұндай әрекеттің бос әурешілік екенін, базар кәсіпкерлері  бұл шараны «ит үреді, керуен кешеді»деп қана қабылдайтынын айтады. Өйткені мемлекеттік тіл туралы заңның өзісолқылдақ. Мемлекеттік тілді жарнамада қолданбай, тек орыс тілінде  ғана жазғандармен қазақ тілін қате жазыпмазақ еткендерге тілдер басқармасы батыл түрде айыппұл сала алмайды. Мұны анықбілетін кәсіпкерлер мемлекеттік тілге аса мән бере бермейді. СондықтанҚарағандыдағы көше жарнамасындағы қазақшасын түсінбей еріксіз орысшасын іздепоқып аласыз.

«Тілдер басқармасы мен бөлімі көп емес қой.Ал жеке меншік кәсіп иелері өте көп, оның барлығына  жеке келіп ресми қағаз ұстатып ескертіп жүреберсе тіл мамандары қалай үлгереді. Бұл үшін билік тарапынан үлкен қозғау болыпзаңды күшейту керек. Ал бүгін мынау не, кәсіпкерлер ескертпеге құлақ асқысыкелмей дік -дік етеді. Сонда Қарағандыда мыңдаған жеке меншік орындардыңәрқайсысына ресми қағаз жіберіп жүгіріп жүрсеңдер, тілдер комитетінің қандайқадір қасиеті қалады.Тіпті бұған мүмкіншілікте жоқ қой. Өзге ұлт өкілдері ескертугетүсіністікпен қарап отыр. Ал өзіміздің орыстанып кеткен қазақтар ашық түрдеқарсылық білдіріп тұр. Бұлар енді басқа ұлт болайын десе түрі келмейді, қазақболайын десе тілі келмейтін өзіміздің қазақтары екені жанға батады», — дейдіқоғам белсендісі Жексен  ӘБДІРАХМАНОВ.

Тілмамандары болса мұндай шараны тексеріс емес, түсіндіру жұмыстары ол біздіңтікелей міндетіміз деп есептейді.

«Біз БАҚ өкілдерімен облыстық рейдке тоқсан сайын алдын ала жоспарлап шығамыз, ондабіз дөрекі қатесі көп жерлерді аралаймыз. Бірақ қазір біз аяқ астынан жоспардантыс осындай шараға шыға салғандықтан наразы пікірлер болып тұрады. Дегенмен бізтүсінеміз, бұл тексеру емес түсіндіру шарасы. Егер қағаз керек десе мен қазірғана барып жұмыстан жібере аламын. Заң бойынша біздің айыппұл салуғақұзыретіміз болмағандықтан біз тек қана түсіндіреміз», — деп мәлімдедіҚарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айсұлу НҰРТАЙ. 

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз