«Қаралмада» шаңғы тебетін күн жақын...
Жуалы ауданына қарасты, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күрежолының бойынаннебәрі 7 шақырым ғана қашықтықта, Алатаудың баурайында теңіз деңгейінен 1600метр биіктікте салынып жатқан «Қаралма» тау-шаңғы базасындағы құрылыс жұмыстарыныңбүгінгі таңда 85 пайызы аяқталған.
Бұл жайында Жамбыл облысы әкімі АсқарМырзахметовтың аталған ауданға жұмыс сапары барысында белгілі болды. Өзкезегінде өңір басшысы жауаптыларға мұндағы барлық жұмыстарды сапалы атқаруды,350 метрлік аспалы жолдың монтаждау, орнату шараларын 16 желтоқсан Тәуелсіздікмерекесіне дейін аяқтауды тапсырды. Ал, ұзындығы 2 мың метрден асатын аспалыжолдың құрылысының да қарқынын үдете түсуді тапсырды.
«Қаралма» тау-шаңғы базасы аймағында қонақүй-котедждері, туристерге қызмет көрсету сервистік кешенінің құрылысы салынуда.Сондай-ақ, жеті шақырымдық жол салынып, инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталған.Керек құрал-жабдықтардың дені жеткізілген. Құрылыс басында 100-ден астамжұмысшы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан білек-сыбана еңбектенуде.Айта кету керек, мұнда тынығуға келушілер жыл он екі ай бойы демалуға мүмкіндікалады. Жаз мезгілдерінде саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құратынорындар ашылады деп күтілуде.
Жалпы, нысан мемлекеттік-жекеменшікәріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны – 4 миллиард теңгені құрайды.Туристік нысан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күрежолының бойынан 7 шақырымқашықтықта, Алатау тауының баурайында теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте бойкөтеруде. Сонымен қатар, Алатау тауының ұшар басынан кешенге дейін 2 500 метрсырғанау жолағы түсуде. Сол сияқты 2050 және 350 метрлік аспалы жолдардыңқұрылыстары да жүргізілуде. Аспалы жол құрылысына қажетті қондырғылар Австрияелінен жеткізілген.
Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты Т.Дүйсебайұлы атындағы ауыл аумағындағыосынау тау-шаңғы базасының құрылысының басым бөлігі аяқталған. Бұл бойынша датиісті жұмыстар қызу жүргізілуде. Демалыс базасы бір мезгілде 2500-3000 адамдықабылдауға қауқарлы. Орнатылатын арқан жолдарының саны – 4, тау шаңғыжолдарының ұзындығы – 9150 метрді құрайды. Яғни, «Қаралмада» шаңғы тебетін күнжақын. Осынау тау-шаңғы базасы Тәуелсіздік мерекесінде пайдалануға беріледі депкүтілуде.