Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы бұл мейрам ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін ұлық мереке екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

«Күн мен түн теңеліп, күллі табиғат қайта жаңаратын әз Наурызды қарсы алуға бабаларымыз ерекше мән берген. Жыл басын — Ұлыстың ұлы күні деп ардақтаған. Әз Наурыз — береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы — Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы — қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауымның, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған», — деді Президент.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз