Қасымбек жұмыссыздықты жоюды тапсырды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВбастаған шенеуніктердің жұмысын сынға алды.
Кеншілер шаһарын дамытуға арналғанжиында бірқатар қордаланған мәселелерді айтты. Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ»тілшісі Арай САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ хабарлайды.
Жеңіс Қасымбек қала билігіне жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға күшсалыңдар деді. Finprom.kzзерттеуі бойынша биыл жастар жұмыс таппай жүрген қалаларқатарына Алматы, Қарағанды және Елорда кірген. Қарағандыда 5% жас жұмыссыз екі қолға бір күрек таппай жүр.
Қаладағы тағы бір проблема қоғамдық көліктің аздығы. Келесі жылы тағы да200 автобус сатып алу жоспарланып отыр екен. 2021 жылға дейін бұл мәселенітүбегейлі шешуді облыс басшысы тапсырды.
«Қарағанды бай тарихы бар,болашағы зор тамаша қала. Халық оның тарихи келбетін сақтауды талап етуіорынды. Жаңа құрылыстарды қолға алсақта бірыңғай концепциямен жұмыс жасалуытиіс. Қаланың құрылысы мен сәулеті заңгерлер мен экономистердің қолында екен.Олар өз саласын жақсы білетін шығар. Бір қала келбетінің қалай болуы суректершешімі арқылы анықталады ғой. Міне осыдан қаланың кескін-келбеті дамымайды», — деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, өңір басшысы облыс орталығындағы баннерлер мен әлеуметтк жәнекоммерциялық жарнамаларды жөнге келтіруді тапсырды. Көшелерді жарықтандыружағын да айтты. Мәселен Қарағандыда 611 көше жарықсыз отыр. Қала әкімі бұғанқатысты жұмыстардың жасалып жатқандығын, 40 жыл көшелері қараңғыда өмір сүргенМихайлов пен Федоров та 136 көшеге жарық орнатамыз деді.
Айтпақшы, Орал қаласының әкімі Абат ШЫНЫБЕКОВ осы жарық мәселесіне қатыстысөгіс алған-ды. 2019 жылдың 20 қараша күні БҚО-ның орталығындағы Нұр көшесіндежүргізуші 10 жастағы оқушыны қағып өлтірген. Трагедиялық жағдай болған көшедежарық болмаған-ды.
Жеңіс Қасымбек жиында бизнесті жеңіл жүргізу жағынан Қарағандының 197аудан, облыс орталықтары арасында 50-орында екенін жақтырмай айтты. Қалаэкономикасындағы орта және шағын бизнестің үлесі 50 пайыздан сәл асады. Соны 70пайызға жеткізу керектігі тапсырылды.
Фото: kaznews.kz