Әлеумет

Қазақстан халқы көбейіп келеді

Соңғы тоғыз айда Қазақстан халқының саны 177 мың адамға көбейді. Бұл туралы Жас Алаш сайты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан халқы көбейіп келеді
«2018 жылдың басында Қазақстанда – 18 157 337 болған. Одан бері халық саны – 176 942 адамға көбейген. 2018 жылдың 1 қазанында жасалған есеп бойынша елімізде – 18 334 279 адам бар», — дейді статистика комитеті өз хабарламасында. Халық санының өсімі 145 128 мың адамды көрсетсе, ауылдықтар – 31 814 мыңға көбейген. Жалпы Қазақстан бойынша қалаларға 10 597 216 адам шоғырланса, 7 737 063 адам ауылда тұрады екен.«2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға яғни 1,3 пайызға өскен», — делінген статистика комитетінің хабарламасында. 2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек айларында бір жасқа дейінгі 2354 мың сәби өлген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда аз. Дәлірек айтқанда бала өлімі 1,3 пайызға азайған.  Фото: zhasalash.kz 
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз