Саясат

Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенті үміткерлеріне заң қандай талаптар қоятынын атады.

Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматы болу;
  • Кейінгі 15 жылда ҚР аумағында тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», — дейді Петров.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз