Саясат

Қазақстан шетелдегі сот процестеріне 2 млрд доллар жұмсаған

Қазақстан шетелдегісот процестеріне 2 миллиард доллар жұмсаған. Бұл жөнінде Total.kzбасылымы хабарлады.

Қазақстан шетелдегі сот процестеріне 2 млрд доллар жұмсаған

Әділетминистрлігінің коллегиялық отырысында ведомства басшысы Марат БекетаевҚазақстанның шетелдердегі сот процестеріне жұмсаған 2 миллиард доллардың нақтықайда кеткеніне түсініктеме берді. Оның сөзінше, шетелдік соттарда ел мүддесінқорғау өте маңызды. Сол себепті оған жұмсалатын қаржы да қомақты.

«Нақты іс бойынша, нақты кеңес бергендерге жұмсалғансомманы көріп, шошиды. Жақсы нәрсе арзан тұрмайды. Яғни заңгер қажет болса,онда оның жақсысын жалдау керек. Әр қайсысында 50-60 жылдық жұмыс тәжірибесі бар үшәріптес қатысып жатқан сот процесін көз алдыңызға елестетіңіз. Біз де дәлсондай мықты мамандарды жалдауымыз қажет. Егер біздің тарабымызды жас жәнеарзан маман қорғаса, онда оны сот дұрыс қабылдамауы мүмкін. Қорағушының беделіөте маңызды, бірақ ол қымбат тұрады. Біз салық төлеушілердің ақшасынқауіп-қатерге тігіп, арзан біреуді жалдай аламыз ба? Бұл қиын шешім және онықабылдау оңай емес. Мемлекет мүддесі мен салық төлеушілер қаржысын барыншақорғау керек», — деді Бекетаев.

Бұған дейінколлегиялық отырыс барысында әділет вице-министрі Алмат Мадалиев «2019 жылыарбитраждық және сот тексерулерінде 26 рет мемлекеттің мүддесі қорғалып, 4 жаңаісті қарау басталғанын» айтқан. Оның сөзінше, мемлекет мүддесін қорғауға 2миллиард доллар жұмсалған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз