Саясат

Қазақстан - үлкен түрме, азаматтар - сотталушылар

Қазақстан – үлкен түрме. Азаматтар – сотталушылар болса,түрме әкімшілігі – билік.

Қазақстан - үлкен түрме, азаматтар - сотталушылар

Тек масштабы ғана бөлек. Қазақстан түрме сияқты, ешнәрсе өндірмейді. Бұл Ақтөбедегі КА-168/2 түзету мекемесінде отырған МаксБОҚАЕВТЫҢ сөзі.

Uralskweek.kzбасылымына журналист Лұқпан АХМЕДЬЯРОВТЫҢ қоғамдық белсенді Макс Боқаевпенсұхбаты жарияланды. «ЖасАЛАШ»өз оқырмандарына сұхбаттан үзінділер ұсынуды жөн санады. Әринеавтордың рұқсатымен.

2016 жылдың 28 қараша күні Атырауда судья ГүлнарДУӘЛЕШОВА қоғамдық белсенді Макс БОҚАЕВ пен Талғат Аянды бес жылға соттаған.Атыраудағы митингіге қатысқан қоғам белсенділеріне «араздық қоздырды», «жалғанақпарат таратты», «митинг өткізу тәртібін бұзды» деген айып таққан-ды. Сол жылыҚазақстанның бірнеше қалаларында жүздеген адам жер митингісіне шыққан еді.Халық жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы болды. Өзгеріс енгізілгенжаңа құжат бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру уақыты 10жылдан 25 жылға ұзартылған еді. Митинг 24 сәуір күні Атырау қаласындағы Исатаймен Махамбет алаңында басталды.

Макс Боқаевқа былтыр уақытынан бұрын босап шығу үшін арызжазуын сұрапты. Арнайы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ әкімшіліген өкілде келген екен.

«Сот мені кінәсіз дептануы керек. Бұл менің ұстанымым. Олар мені торға заңсыз отырғызды. Енді босатужағын өздері шешсін. Мен олардан ештеңе сұрамаймын. Жақында осында Тоқаевәкімшілігінің өкілі келіп, МБМ-ға өтініш жазуымды сұрады. Мен қайтадан бастарттым. Егер жаңа президент өзін демократ ретінде көрсеткісі келсе, меніңөтінішімсіз-ақ бостандыққа шығарудың көптеген заңды мүмкіндіктері қолында тұр ғой. Бірақ жоғарғы жақ кінәмдімойындағанымды қалайды. Сондай-ақ, Тоқаевтың өкілі менің қоғамдық процестергеқатыспауымды сұрайды. Елдегі мынандай жағдайда қалай уәде ете аламын?!» — дейді Макс Боқаев.

Қоғамдық белсенді өзін мүлдем заңға қайшы әрекететпегендіктен босату туралы арыз жазбайтынын айтады.

«Түзету мекемесі — Қазақстанның кішкене бөлігі. Біздің елімізде миға қонымсыз абсурдтық тыйымдарбар. Соның кесірінен Талғат екеуміз сотталдық. Сен менен «неге ерте босапшығуға арыз жазбайсың?» деп сұрайсың. Мен отырған түрме мен қоршау сыртындағыөмірдің еш айырмашылығы жоқ. Қазақстан – үлкен түрме. Азаматтар сотталушыларболса, түрме әкімшілігі билік. Тек масштабы ғана бөлек. Қазақстан түрме сияқтыешнәрсе өндірмейді», — дейді қоғамдық белсенді.

Макс Боқаев тәуелсіз газеттердің кеш болса да қолынатүсетінін айтады. Күнде жаңалықты «Хабар» арнасынан көреді екен. Айтпақшы, «НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «екі сиыры» түрмеде де көпталқыланыпты.

Фото azh.kz сайтынан алынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз