Әлеумет

Қазақстан ветеринариясы қай деңгейде?

«Мал – біржұттық» деп мақалдататын қазақ халқы алдында мыңғырып жайылып жүрген малынанқар қалың түсіп, көктем кеш шыққан қатқақ жылдары яки қылтиып өскен шөптіқуратып кететін құрғақшылық жылдарында айрылып қалып келген.

Қазақстан ветеринариясы қай деңгейде?

Иә, оның сыртындашөп жинауды, қора салуды онша құнттамаған көшпелі өмірде ауа райын бақылап,табиғатпен етене өмір сүруді меңгерген ел жұт жылдарын алдын ала біліп отырған.Десе де, жұт жылы Қазақ даласындағы мал саны кеміп отырғаны тағы рас. Оныңсыртында мал ауруынан қаншама шығын келіп отырған. Мал ауруының асқынуы даосындай қиын жылдарға тура келеді. Өйткені, құрғақшылық, қуаң жылдар немесе аққар, көк мұз құрсаған жұт жылдары мал аштықтан ғана емес, аурудан да көпқырылады. Мұндай кездері ауру да көп тарайды.

Қазақстандықшаруалардың жұт деген ұғымды ұмыта бастағанына да біраз уақыт өткен шығар.Әрине, жаз бен қыс қиын болатын, өріске шығуға тиіс төрт түлік қолға қарап,қораны төңіректеп қалатын кездер қазір де бар. Бірақ, қазақстандық шаруаларқыстың қамын жаз ойлап, қысқы жем-шөбін артығымен қамдап қалуға, мал ауырақалған жағдайда деп дәрі-дәрмегін де ерте алып қоюға тырысады. Оның үстіне, әрауылда бір-бір ветеринар (кей ауылдарда бірнешеу) жұмыс істейді, малының немесебағып отырған құсының ауыра бастағанын көрсе, жедел кеңес алып, арнайытексеруден өткізеді. Әрине, ауру айтып келмейді, бірді-екілі шығын болмайтұрмайды, бірақ, дер кезінде қолға алып, тексерілген соң ары қарай көп шығынғаұшырамай малды жазып алуға болады. Оның сыртында, көп аурудың алдын алатынвакциналар салынып тұрады. Бұл әрине, ең қатерлі деген аурулардың алдын алуүшін. Сол себепті, соңғы кездері малдың аурудан қырылу фактілері аз тіркеліпжүр. Бұл да болса, қазақ ветеринария саласының бір жетістігі. Қандай ауру болсада оны емдейтін, алдын алатын дәрі-дәрмек те, білікті мамандар да жоқ емес.

Қазіргі жағдайдаветеринари саласы бойынша Қазақстан көршілес елдер мен алыс-жақын шетелдердіңқай-қайсысымен болса да терезесі тең сөйлесе алады. Өйткені, қазақстандық малдәрігерлік саласының жоғарғы деңгейде жұмыс істейтіні өңір бойынша дәлелденгеннәрсе деуге болады. Мұның бір дәлелі ретінде – Қазақстанда ветеринарлыққызметтердің тиімділігін бағалау бойынша өткен бағдарлау оқу-тәжірибеліксеминарды айтуға болады. Елордада өткен төрт күндік семинарға 12 мемлекеттіңөкілдері қатысты. Атап айтсақ, Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Грузия,Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан,Қазақстан ветеринар мамандары қатысқан үлкен жиынды Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі мен Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) ұйымдастырды.Міне, осы төрт күнге созылған халықаралық семинарда малдәрігерлік жүйеніжақсарту бойынша Қазақстанның нәтижелері өңірдегі ең үздіктердің бірі ретіндеаталды. Мұны басқа емес, жоғарыда аталған Қазақстаннан бөлек 11 елден келгенхалықаралық сарапшылар айтты.

Жалпы бұл семинардәстүрлі жиын. Халықаралық эпизоотиялық бюроның тәжірибелі нұсқаушылары менбілікті мамандары жыл сайын әр елде өткізіп тұрады. Бұл жиында тек малдәрігерлік саласы бойынша тәжірибе алмасу ғана емес, әсіресе, семинар өткізіліпотырған ел үшін одан басқа да пайдасы көп. Бұл семинар жалпы әр түрлі мемлекеттердіңветеринарлық қызметтерін қолдау үшін ұйымдастырылатынын айта кету керек.Семинарға Мәскеуден келген Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының аймақтықөкілдігінің басшысы Будимир Плавшич Қазақстанның мал дәрігерлік саласы жәнежануарлар ауруларын бақылау бойынша тек көршілес елдер арасында ғана емес,Еуропа және әлем мемлекеттері арасында да жоғары бағаға ие екенін атап өтті.

— МенҚазақстанның ВҚБ талдауын ілгерілетудегі үлкен рөлін ерекше атап өткім келеді.Қазақстан халықаралық стандарттарды қолданып, ВҚБ бағалау ұсынымдарынбасшылыққа алатын аймақтағы көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Соңғы 10жылда Қазақстанның ветеринарлық қызметін бағалаудың бірнеше түрі өткізілді,жануарлар ауруларын бақылауды жақсартудағы елдің зор жетістіктері тек өңірдеғана емес, сонымен қатар Еуропада да, жаһандық деңгейде атап өтілді.Ветеринарлық жүйені жақсарту бойынша Қазақстанның нәтижелері менің есімде еңүздіктердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның қолдауымен көптегенхалықаралық семинарлар өткізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанда ХЭБСуб-өңірлік кеңсесі ашылды. Аталған кеңсе Қазақстанның ветеринарлық қызметінеғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия аймағына да қолдау көрсетеді, — дедідоктор Будимир Плавшич.

Бұл жиында әрелден келген мамандар тәжірибе алмасып, білімін жетілдіреді, қазіргі уақыттағыең маңызды жануарлар ауруын, жануарлар дүниесінің саулығына қатысты күн тәртібіндетұрған ауқымды мәселелерді сөз етеді. Сондай-ақ, әр елдің дәрігерлерініңөзіндік әдістемелері мен қолданыстағы құралдары бойынша жетістіктерталқыланады. Одан бөлек семинарға қатысушылар арнайы сертификат алса, кейбірмамандарға әлем елдерінің мамандары бас қосатын дүниежүзілік ауқымдысеминар-тренингтерге, оқу-тәжірибелік жиындарға немесе білімін жетілдіру үшінөзге елдерге оқуға жолдамалар да беріледі.

Жалпы,ветеринарлық сала бойынша Қазақстаннан кеңес сұрайтын елдер де көп. Мәселен,осы семинар өткен қарсаңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріСапархан Омаров Моңғолияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы және жеңілөнеркәсіп министрі Ч.Уланмен кездесу өткізді. Моңғолияның ет экспорттаубойынша, малының саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда екені белгілі. Міне,осындай маңызды елге Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министріветеринария саласы бойынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл да өзкезегінде көп нәрседен хабар береді. Жалпы, екі ел арасында Ауыл шаруашылығысаласындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылған 2008 жылдан беріҚазақстан мен Моңғолия ауыл шаруашылығы бойынша тауар алмасу, тәжірибе алмасубойынша маңызды әріптес саналады. Оның ішінде ветеринарлық қызмет бойынша датығыз байланыс орнату мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлігі мен Монғолия Үкіметі агенттігі мен бас ветеринариялық басқармасыарасында ветеринария саласындағы өзара түсіністік туралы жаңа Меморандумға қолқойылды. Бұл Меморандумға сәйкес алдағы уақытта екі ел бірлесе отырып Халықаралықэпизоотиялық бюро талаптарына сай мал ауруынан таза аймақ құруға ұмтылады. Бізмысалға алып отырған Моңғолия мен Қазақстан ветеринарлық байланысында еліміздіңжетекші роль атқаратынын да айта кету керек.

Қысқасы,ветеринария саласы бір ізге түсті, бір жолға қойылды деуге болады. Тек, малбаққан шаруалар мен мал өнімдерін кәсіпке айналдырға фермерлер мен өндірушілермал ауруына қатысты дер кезінде қимылдап, малының ауру екенін тиісті орындарғахабарлап отырса болғаны. Ветеринарияның дамуы тек мал мен жануарлар дүниесініңсаулығына ғана емес, қазақстандықтардың да денсаулығына да ықпалы бар екенінескеру керек. Яғни, адам баласы мал, құс етін жиі тұтынады. Одан бөлек құстыңжұмысртқасы мен сүтін де көп пайдаланады. Терісі мен жүні, қауырсыны да даладақалмайды. Демек, жануарлар жүниесіне қатысты барлық өнім адамның қолынан өтеді.Өміріне әсер етуі де мүмкін. Сол себепті, ветеринария саласы ешқашан назардынтыс қалмауға тиіс.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз