Қоғам

Қазақстанда адамдар қандай аурулардан жиі қайтыс болады?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығын, сондай-ақ ең көп тараған өлімге әкелетін ауруларды атады.

Қазақстанда адамдар қандай аурулардан жиі қайтыс болады?

Бұл туралы Tengrinews жазды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 70,26 жас, әйелдердікі  – 78,41 жас.

Қазақстанда 100 мың халыққа шаққанда адамдар мына аурулардан жиі қайтыс болады:

— қан айналымы жүйесі аурулары – 154,39 адам;

— қатерлі ісіктер – 68,76 адам;

— тыныс алу органдарының аурулары – 66,76.

100 мыңға шаққанда 0 мен 14 жас аралығындағы  балалар мына аурулардан балалар жиі қайтыс болады:

— жарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің кейбір басқа да зардаптары – 10,43 адам;

— жүйке жүйесінің аурулары – 5,5 адам;

— күйіп қалудан – 3,93 адам.

Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы балалар мына аурулардан жиі қайтыс болады:

— жарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің кейбір басқа да зардаптары – 34,42 адам;

— күйіп қалудан – 17,01 адам;

— сыртқы себептердің басқа және анықталмаған әсерлері – 15,77 адам.

100 мыңға шаққанда әйелдер көбінесе мына аурулардан қайтыс болады:

— қатерлі ісік – 48,14 адам;

— қан айналымы жүйесі аурулары – 49,7 адам;

— ас қорыту жүйесі аурулары – 29,33 адам.

Ерлер көбінесе мына аурулардан қайтыс болады:

— қан айналымы жүйесі аурулары –  148,59 адам;

— жарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің кейбір басқа да зардаптары – 136,59 адам;

— ас қорыту жүйесі аурулары – 59,91 адам.

Көбінесе қарт адамдар мына аурулардан қайтыс болады:

— қан айналымы жүйесі аурулары – 859,51 адам;

— жүйке жүйесі аурулары – 940,73 адам;

— тыныс алу органдарының аурулары – 430,05 адам.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз