Қоғам

Қазақстанда әлеуметтік желідегі заңсыз контент үшін 86 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді.

телефон

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентке байланысты 86 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ақпараттық саясат департаменті заңсыз жарияланымдарды анықтау мақсатында 184 әлеуметтік желідегі аккаунтқа тексеру жүргізген. Нәтижесінде 56 адамға айыппұл салынса, 29-ы әкімшілік қамауға алынған. Тағы бір азамат қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Сонымен қатар биылғы тоғыз айда әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға байланысты қылмыстық істер де қозғалған. Әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 72 іс тіркеліп, оның 21-і сотқа жолданған.

Ал көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты 274-бап бойынша 64 қылмыстық іс қозғалып, оның тоғызы сотқа жіберілген.

Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контентті орналастыру немесе тарату фактілеріне байланысты 124 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз