Сараптама

Қазақстанда инженерлік білім беру саласы дамып келеді

Бүгінгі күні инженерлік білім беру саласына көңіл бөліне бастады. Инженерлік білім берудің маңыздылығын түсінгендіктен көптегенжоғарғы оқу орындары осы сала бойынша жаңаша бағытта білім берудің жолдарынқарастырып, шет елдік тәжірибені қолданысқа енгізуде.

Қазақстанда инженерлік білім беру саласы дамып келеді

Соңғы жылдары инженерлікбілім беру саласындағы басты жаңалықтардың бірі Қазақстанның инженерлік білімберу ассоциациясының KazSEE толыққанды аккредитация жүргізуге мүмкіндік алуыболды.

Қазақстанның инженерлік білім беру ассоциациясы KazSEE2007 жылы дербес қоғамдық және кәсіби ұйым ретінде құрылған болатын. 27қыркүйек 2017 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрініңбұйрығымен дербес аккредитациялық орган ретінде №1 Ұлттық реестрге бес жылмерзімге енгізілді. Бүгінде KazSEE еліміздегі инженерлік білім беру бойыншамаманданған жалғыз аккредитациялық орган және инженерлік білім беру бойыншаеуропалық ENAEEжүйесінің толыққанды мүшесі.

Осы уақыт аралығында Қазақстанның инженерлікбілім беру ассоциациясы KazSEE бірқатар еліміздің беделді жоғарғы оқу орындарынинституционалдық аккредитациядан өткізді, сонымен қатар, көптеген инженерлікбағыттағы оқу бағдарламаларын мамандандырылған аккредитациядан өткізді. Қазіргікезде еліміздегі инженерлік бағытта білім беретін колледждермен қарқынды жұмысжүргізілуде.

KazSEE аккредитациямен қатар, инженерлік білімберу саласының сапасын көтеруге қатысты көптеген іс-шараларды жүзеге асыруда.Соның бірі ретінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын ERASMUS+ ENTER — EngineeriNg educoTors pEdagogical tRaining — 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасын атап өтуге болады.Аталған жоба инженерлік пән оқытушыларының біліктілігін көтеру жүйесінеқойылатын талаптарды зерттеп, жаңаша бағытта ұсыныстар қалыптастырады. Жобаныңбасты мақсаты инженерлік жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының біліктілігінкөтеру бойынша айрықша білім беру бағдарламаларын жасап шығару болып табылады.

Бұл жобаға Қазақстан, Ресей,Эстония, Португалия, Словакия сияқты бес мемлекеттің жоғарғы оқу орындары менаккредитациялық органдары қатысады. Атап айтқанда, Порто политехникалықуниверситеті (Португалия), Дубницкий технологиялық университеті (Словакия), Таллинтехникалық университеті (Эстония), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттікуниверситеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстанның инженерлік білім беруассоциациясы KazSEE (Қазақстан), «Болон клубы» білім беру саласындағыстратегиялық бастамалар агенттігі, Ресей инженерлік білім беру ассоциациясы АИОР,Вятскиймемлекеттік университеті, Дон мемлекеттік техникалықуниверситеті, Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университеті, Тамбовь мемлекеттіктехникалық университеті,Томск ұлттық политехникалық зерттеу университеті (Ресей)қатысады.  Жоба бойынша қатысушылардың жұмыстары екі рет бас қосуда талқыланды.Бұл бас қосулар Порто политехникалық университеті мен Тамбовь мемлекеттіктехникалық университетінде орын алды. Келесі бас қосу әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық университетінде өткізіледі деп күтілуде.

Есбол ӨМІРЖАНОВ,

Қазақстанның инженерлік білімберу ассоциациясы KazSEE директоры

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз