Қоғам

Қазақстанда көлікке заңсыз орнатылған 537 жанармай багы анықталды

Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының ел аумағынан заңсыз әкетілуіне тосқауыл қою үшін шекарадағы бақылау күшейтілді.

Жанармай багы

Қазір 48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып отыр. Әсіресе көліктерге стандарттан тыс қосымша жанармай бактарын орнату фактілеріне назар аударылуда.

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз орнатылған қосымша бактарға қатысты 537 құқық бұзушылықтыанықтаған. Олардың жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асқан.

Соңғы жағдайлардың бірі 2 қазанда Жамбыл облысында тіркелді. Полиция көршілес елдің азаматы басқарған жүк көлігін тексеру кезінде оған рұқсатсыз 500 литрлік қосымша бак орнатылғанын анықтаған.

Көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң талаптарын бұза отырып орнатылған бак алынып тасталды.

Ішкі істер органдары жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына жол бермеу мақсатындағы бақылау шаралары жалғасатынын мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз