Қоғам

Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ

Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ. Бұл туралы Сенатта өткен «дөңгелек үстелде» ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ

Салық саясаты және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» барысында Амрин сән-салтанат тауарларына салынатын салықты арттыру жоспары туралы айтты.

«Көлік құралдары бойынша. Мұнда да шамамен 50 миллион теңге шегін қоюды көздеп отырмыз. Егер көлікің нарықтағы құны осы шектен асып кетсе, онда акциздер арқылы қосымша салық салынады», — деді шенеунік.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз