Қоғам

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды

Бағдарлама бойынша несиенің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңге. Банк несие өтінімдерін мақұлдау кезінде шешім қабылдайтын және өтініш берушіге кепілдік хат беретін негізгі критерийлер:

  • төлем қабілеттілігі — кейінгі 6 айда үздіксіз зейнетақы жарнасының болуын қамтамасыз ету қажет;
  • несие тарихы — несиелер бойынша төлемді кешіктірмеу қажет;
  • қарыз жүктемесінің коэффициенті — қарыз алушының отбасын асырау шығыны және ағымдағы міндеттемелер бойынша төлемдерді ескере отырып, өз міндеттемелерін төлеу мүмкіндігін бағалайтын көрсеткіш.

Банкке хабарласпас бұрын қарыз алушы autonesie.kz порталында тіркеліп, кейін автосалонда төлемге шот-фактураны алып, одан кейін банкке келіп, өтініш беру керек.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз