Қоғам

Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы екінші рет өзіне вакцина салды

Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов вакцинаның тағы бір үлгісін, бұл жолы мұрын жолдарына салды.

Қазақстандық ғалым коронавирусқа қарсы екінші рет өзіне вакцина салды

Бұл туралы ол Facebook-те жазды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz -ке сілетеме жасап. 

«Бүгін зертханалық жануарларды тағы бір иммундау үшін COVID-19-ға қарсы (нанобөлшектерге негізделген интраназальды) NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгілерін дайындадық. Күтпеген жерден вакцинаның қалдықтарын өзіме егуді шештім, босқа қала ма енді (20 мкг Spike/RBD ақуызы). IgA (секреторлық) класының антиденелерін қалыптастыра ала ма екен, қызық, олардың көпшілікке белгілі IgG-ден айырмашылығы, IgM антиденелері тыныс алу органдарының шырышты қабығындағы COVID-19 вирусын бейтараптандыруға және сол арқылы инфекцияны ары жібермеуге қабілетті», — деп жазды Табынов.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз