Әлеумет

Қазақстандықтарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – басты міндет

Азық-түлікқауіпсіздігі – Қазақстан азаматтарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етудіңбасты алғы шарты.

Қазақстандықтарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – басты міндет

Шет елден келетін өнімдер мен елімізде шығарылатынтауарлардың сапасын ұдайы бақылауда ұстау басты міндет саналады. Осыған орай,мемлекеттік инспекторлар бірқатар елдерден келетін тауарларды кері қайтарды.

Айталық, 2019жылдың тамыз-қыркүйек айларында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттікинспекторлары Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, ӨзбекстанРеспубликасынан және Ресей Федерациясынан карантиндік фитосанитариялық қаупіжоғары карантинге жатқызылған өнімдердің заңсыз 426 жүк әкелінгені анықтап, фитосанитариялықсертификатсыз әкелінген 388 жүк кері қайтарылды.

Бұл жұмыстардысаралап көретін болсақ, Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдаубағыты бойынша негізгі әріптесі саналатын Ресей Федерациясы тарапы көш бастаптұр. Өнім көп әкелінетін болған соң оның ішінде заң бұзушылықтың да өзгелерменсалыстырғанда көбірек болатыны түсінікті. Ауыл шаруашылығы ұсынған ақпаратқасүйенсек Ресей Федерациясынан бидай (64 тонна), картоп (40 тонна), сәбіз (215тонна), қызанақ (7,4 тонна), қияр (20 тонна), алма (21,8 тонна), қарбық жәнеқауын (49,49 тонна), жеміс-жидек (1,5 тонна), орамжапырақ (10 тонна), күнбағыстұқымы (54 тонна) кері қайтарылды. Ал, Қырғыз Республикасынан шабдалы (1,8тонна), жүзім (8,1 тонна), жүгері (0,8 тонна), картоп (12,7 тонна), қызанақ (6тонна), алма (2 тонн), өрік (1,7 тонн), жаңа піскен томат (4,2 тонна), шие (2,2тонна), құлпынай (0,52 тонна), нектарин (0,8 тонна), болгар бұрышы (1,5 тонна)және қара өрік (2,3 тонна) талапқа сай болмай шықты. Бұл бағыт бойынша Қытай даҚазақстанның ең көп тауар алмасатын елі саналады. Қытай Халық Республикасынанминдаль (29,8 тонна), күнжіт (35,6 тонна), күнбағыс тұқымы (37,25 тонна) және өзгеде 21 тонна түрлі тұқым фитосанитариялық сертификатсыз елге кіргізілмек болған.

Одан бөлек карантингежатқызылған өнім қаптамасында таңбалау болмағандықтан тағы 21 жүк керіқайтарылды. Бұл бағыт бойынша Өзбекстан Республикасынан келетін тауарлар көшбастап тұр. Өзбекстаннан әкелінген шабдалы (56 тонна), жүзім (34 тонна), қараөрік (15 тонна), нектарин (28 тонна) қабылданбай тасталса; ҚырғызРеспубликасынан келегн 1,1 тонна таңқурай, 1 тонна құлпынай және 43,15 тоннанықұрайтын кептірілген өрік кері қайтарылды.

Сондай-ақ,бұзылған, зақымданған, құрт түскен деген сияқты карантиндік көрсеткіш бойынша17 жағдай тіркеліп отыр. Оның алтауы шығыс жеміс жемірі (Grapholita molesta (Busck).Атап айтсқақ, алмада (12,077 тонна), жүзім және қара өрікте (17,4 тонна),нектаринде (21,115 тонна) және шабдалыда (17,5 тонна) осындай жарамсыздықанықталған. Бұл зақымданған өнімдердің бәрі Өзбекстан Республикасынан жәнеҚырғыз Республикасынан әкелінген тауарларда — Комсток құрты (Pseudoccuscomstocki (Kuwana)) шабдалыда (4 тонна), жүзімде (0,5 тонна) және 1-арамсояу(Cuscuta spp.) жүзімде (2,5 тонна), батыс гүл трипсі (Frankliniellaoccidentalis Pergande) салат жапырағы (180 кг), орамжапырақта (100 кг)анықталып отыр. осындай тексеру нәтижесінде барлығы 75,12 тонна залалданғанкарантинге жатқызылған өнім залалды деп танылып, түбегейлі жойылды.

Сырттан келетінөнімдер мен тұқымдардың зақымдануы, өсімдік ауруларына душар болуы – адамдардыңденсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, Қазақстандағы өнімдерге де залалынтигізуі мүмкін. Сондықтан, өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық талаптарғаасәйкес жоғарыда аталған барлық өнімді Қазақстан Республикасы аумағынатасымалдауға тиым салынды. Сәйкесінше елімізге жеткізілген жүктер Қытай ХалықРеспубликасына, Қырғыз Республикасына, Өзбекстан Республикасына және Ресей Федерациясынанкеріқайтарылды. Және бұл өнімдердің ел шекарасынан өтіп кетуіне жауапты болғанадамдар мен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыт бойыншатексеру жұмыстары әлі де жалғаса түседі. Өйткені, Қазақстан азаматтарын сапалытауармен қамтамасыз ету қашан да басты назарда болуға тиіс.

Фото: 7kun.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз