Әлеумет

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін

Ұлттық банкте әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтардың ипотека бойынша қарыздарын кешіру туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін
Жұмысшылар тобының отырысында талқыланған ұсыныс туралы Астана арнасы хабарлады. Бұл мәселені көтеріп, Ұлттық банкке ұсыныс енгізген «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі. Ұсыныс бойынша, жаппай емес, дегенмен әлеуметтік шектеуге ұшыраған азаматтарға жеңілдіктер қарастырылуы ықтимал. Ұлттық банктегілер бұл ұсынысты қабыл алған, дегенмен, әзірге қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр. Өйткені, қазір бұл ұсыныс қаралып жатыр.Егер ұсыныс іске асып, қолданысқа ене қалса 1 және 2-топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедек балаларды және қайтыс болған ата-анасынан ипотека қарызы қалған кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар ипотека қарызынан босатылады.«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шолпан РИЗАБЕКОВА өздерінің ұсыныстарын Ұлттық банктің өте жақсы қабылдағанын, сол себепті қалай да шешілетін шаруа екенін айтады.Фото:  espanarusa.com
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз