Қоғам

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады. Атырау облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысында кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде шығыста таулы аймақтарында соңы қарға айналатын жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.ъ

Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз