Қазақты құртқан қаржы пирамидасын жұлдыздар неге қолдады?
Еліміздегі қаржыпирамидасына қатысты «Гарант 24 Ломбард» компаниясының құрылтайшылары алаяқтықжасады деп күдікке ілініп, шет ел кезіп кетті.
Онымен бірге, «ESTATE Ломбард»және «Выгодный займ» компаниялары да ел алдында «айыпты». Оларды жұлдыздар дабарынша жарнамалаған.
Наурызайының басында қазақстандық қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» халыққаберген сөзінде тұрып, атышулы «Гарант 24 Ломбард» компаниясының құрылтайшыларыныңбірі Аслан Мырзабековпен видео байланысқа шықты. Ол жүргізген «тергеу»барысында қаржы пирамидасының «жай-жапсары» белгілі болды. Видео соңында олқашқынға «Қазақтың баласы боп тұрып сондай іске баруға ұялмайсыңдар ма? Адамдаржүрек талмасынан қайтыс боп жатыр. Халықтан кешірім сұра» деп, жекіді. Кейінәлеуметтік желіде А. Мырзабековтың қазақстандықтардан кешірім сұрап, істегенісіне өкінетіндігі туралы видео тарады. Бұдан бөлек, Молдованың тергеуабақтысында жатқан құрылтайшы өзінде «бір тиын жоғын», қаржының бәрі «Выгодныйзайм» компаниясының құрылтайшысы Жанболат Есіркеповтың қолында екенін айтты.Оның айтуынша, алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінген үш компанияны (ЖШС«Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» және «Выгодный займ») құруға бастамашыболған да Ж. Есіркепов екен. «Дикий Арман» деген атпен белгілі АрманЖұмагелдиев өзі жүргізген «тергеу» барысында: «Мені алдаған болсаң, немесеішіңе бұғып айтпай қалғаның бар болса, сені кез-келген жерден тауып,аяқ-қолыңды шағамын», — деді.
Бұғандейін 29 ақпанда А. Мырзабековтың Кишинев қаласында ұсталғаны хабарланған. ІшкіІсМинтаратқан ақпарат бойынша, ол 21 ақпан күні Ақтөбе қаласынан Орынборға аттанған.Содан кейін Мәскеуге жетіп, ары қарай Молдованың Кишинев қаласына өтіп кеткен.Оны сол жерде Молдова полициясы қолға түсірген болатын. Оған қашқан күні-ақхалықаралық іздеу жарияланған еді. Ол «қаржы пирамидасын құрды, және соғанжетекшілік етті» деген күдікке ілініп отыр. Бұған дейін Қазақстанның ішкі істерминистірлігі оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын айтқанеді.
ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРҒАНДАР БІРІНЕН СОҢ БІРІ ҰСТАЛЫПЖАТЫР
Өткен айдың 21 күніҚазақстанның бірнеше қаласында жоғарыда айтылған компаниядардың филиалдарыжабылып, адамдар өздерінің алданғаны туралы полиция депортаменттеріне шағымтүсіре бастаған. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Тараз сынды қалаларда адамдар жиналып,ақшасын қайтара алмай жатқандарын, алаяқтық құрбаны болғандарын айтып, билікоргандарынан көмек сұраған еді. «Гарант 24 Ломбард» компаниясының Тараздағыкеңсесі алдында бір топ адам жиналып, сол компанияға ақша құйып, оны ай сайын 35пайызға өсіруді көздегенін, бірақ пайда тұрмақ, салған ақшасын қайтара алмайжатқандарын айтқан болатын. Сол кезде «Мен алдандым» деген азаматтардың бірі300 мың құйғанын, енді бірі 500 мың құйғанын айтып шағымданып жатты. Басқақалаларда да дәл осыған ұқсас жағдайлар орын алды. Нұр-Сұлтан полициядепортаменті «Аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеубасталғанын мәлімдеген-ді.
Осы оқиғалардансоң, аталған компанияларға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалып, құрылтайшыларыбірінен соң бірі ұсталып жатты. Ақпанның 28-де жоғарыда аты аталған ЖанболатЕсіркепов қолға түсті. Ол тергеу изоляторына 2-айға қамалды. 29-жастағы Ж.Есіркепов — «Выгодный займ» компаниясының құрылтайшысы. Бұл ЖШС-ның кеңселері2018 жылдан бері Қазақстанның бірнеше қаласында жұмыс істеген. 21-ақпаннанбастап әр қалада орналасқан филиалдары жабық тұр. Бұл мәселеге байланысты соңғыдеректерде 16-адамның ұсталып, 9-ы іздестірілу үстінде екені айтылған болатын. 24-ақпанған дейін екі мыңнан астам адамполицияға шағым түсіріп үлгерген. ҚР ІшкіІсМині тергеу басқармасының бастығыСанжар Әділов 26 ақпанда компанияларды тінту барысында 40 млн теңгетәркіленгенін айтты. Құрықталып жатқан ЖШС басшылығы 5 жылдан 7 жылға дейінсотталуы мүмкін.
ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРНАМАЛАҒАН
Адамдардың ақшасын компанияға тасуына жұлдыздарда өз «септігін» тигізген. «Біз де білмей алданып қалдық» деп, ағынан жарылғанмедиа тұлғалар халықтан кешірім сұрап әлек болды. Бұлардың қатарында әнші АйқынТөлепберген, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Артур және Асылхан Төлеповтербар.
Көлігін қымбатқасатып, басқасын арзанға аламын деп үміттенген Айқын: «Егер де тек маған сеніп,сол жерге барып, ақша салғандар болса, кешірім сұраймын» деді. Ал ағайындыТөлеповтер өздерінің 13 млн теңге салғанын, олар да жәбірленуші екенін айтыпақталды. Олардың айтуынша, құжаттың барлығы түгел болған, өздері де ақша құйып,табысқа оңай қол жеткізгісі келген екен. Видео үндеу жасаған актерлерқұжаттарын көрсетіп жатты. Жұлдыздар өздерінің де «пенде» екенін, алданғанынайтып жатқанда, желідегі жұрттың көп бөлігі оларды жазалау керектігін жарысажазды. Журналист Жалғас Зейнолла өзінің Facebook парақшасында: «Жұлдыздар жарнама жасады, шалыс басса да жұлдызысөнбейді, олардың мұртын балта шаппайды. Ал алданған жұрттың ақшасын Төлепбергенде Төлеповтер де төлеп бермейді», — деп жазды.
Басқа да қоғам белсенділерінің, медиатұлғалардың жарнамасын жаза келіп, «олардың мұрты да қисаймайды, ақшасынқалтаға басып кете береді», дейді. Оның ойынша сол компанияға үгіттегені үшін оларды жауапқа тартатын бап, ереже қажет.
«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫ ТӨМЕН»
Экономист Ілияс Исаев халықтың қаржылықсауаты өте төмен болғандықтан осындай жағдайларға тап болатынын алға тартады.
«Кім 1млн-ды 2 млн қылып қайтарып береді?Мұндай мәселелер алғаш рет орын алып тұрған жоқ, 10-15 жыл болды, қайталаныпкеледі, ал жұрт оңай ақша табуға ұмтылып, алаяқтардың уәделеріне сеніп қалабереді», — дейді маман.
Оның пайымдауынша, біздің нарықта мұндайжолмен белгілі бір деңгейде пайда табуға мүмкіндік бар. Қаржы инструменттері дежетеді.
«Жинақ салымдарыбар, жылына 14 пайызда пайда табады. Ақша салса, сонда салсын. Немесе алтынсатып алсын» дейді экономист. Ол әр адамның өзі ізденіп, қаржылық сауатын ашуы керек екендігін айтады.
«Ұлттық Банксайтында бұған байланысты ақпараттар бар, кез келген адам өзі кіріп оқып шықсаболады. Саналы ересек адамдардың бұлай алдануы күлкілі», — дейді Ілияс Исаев.
«ДИКИЙ АРМАН» ДЕГЕН КІМ?
Былтыр «Караван» медиа-порталы АрманЖұмагелдиев туралы материал жариялаған-ды. Ол жерде оның Шымкент қаласыныңтумасы екені айтылады. Жас күнінен бокспен айналысқан Арман, сол спорт түріненәлем чемпионатының күміс медаль иегері атанған. Одан бөлек, спорттағыжетістіктері үшін 16 медалі бар. Олардың оны — алтын.
2003 жылы оншақты құрдасымен бірге екіжігітке шабуыл жасап, оның бірі ауруханаға түскен. Бірақ бұл іс сотқа дейінжетпеген екен. «Время»газетіне сілтеме жасаған «Караван» бұл оқиғадан соң,Жұмагелдиевтің біраз уақыт бой тасалап жүргенін айтады. Бұл жағдайдан кейін екіжыл өткенде, бір топ жігіт (арасында Арман да бар) Шымкенттегі «Турист» қонақүйіне басып кіріп, адамдарға шабуылдаған. Ол сол кезде алғашқы рет ұсталып,бұзақылық үшін шартты түрде жазаға кесіледі. Бұдан соң, үш жыл өткенде, 2008жылы «Дикий Арман» мен Тоқтар Төлешов арасында «шайқас» басталғаны белгілі. Солкезде Шымкент қаласының қақ ортасында Жұмагелдиевке шабуыл жасалып, оның екі сақшысы көз жұмған. Өзінің аяғы жараланып,Қырғызстанға өтіп кетеді. Порталдың жазуынша, көрші елде бой тасалап жүргенАрман өзі мен сақшыларына кім шабуыл жасағанын біліп алып, олардың көзінқұртқан. Сол жылдың қараша айындаҚазақстанға оралған соң, Алматы қаласында ұсталады. Тінту кезінде одан оқ дәрімен есірткі табылған. Содан кейін, үш жыл түрмеге отырып шығады. Кейбір деректерде оның қазір Стамбұлқаласында тұрып жатқаны айтылады. Атап айтарлығы, ол жалпақ жұртқа әлеуметтікжелідегі белсенділігімен де танымал болған. Былтыр Арманның қазақстандықтарғаұлттық құндылықтар мен мәдениетті ұмытпау керектігі туралы айтқан видеосы тараған еді. Ол бөрі мен қар барысынҚазақстанның символы ретінде қарастырған. «Айтқым келгені, қар бырысы секілдімықты, қасқырлар секілді ұйымшыл болғанымызды қалаймын», деген сол кезде Арман.
Думан ТЕРЛІКБАЙ