Қазақтың басы төтенше жағдайда да бірікпей ме?
Елде төтенше жағдай жарияланып, оның соңы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларыныңкарантинге жабылуға ұласқанына да бірнеше күн болды.
Әлемді жайпап келе жатқан аты жаман вирустың біздің елімізге«наконецто» келгеніне де бүгін бүгін алтыншы күн. Алайда, біздіңхалықта әлі бейғамдық бар. Басты қалаларымызды карантинге жаптырып тастағанкоронавирустың елімізге келгеніне сенбейтіндер әлі бар. Кімге қашан қалайкелуді сұрамайтын бұл вируспен қазір әлем халқы күресіп жатыр. АҚШ-та 2 мың адам жұқтырып, 150 адам қайтыс болды.Италия вирустың таралуынан Қытайдан артқа тастап бірінші орынға шықты.Әлеуметтік желілерде Италиядан келді деп тарап жүрген жазбаларға қарасақ,жағдайлары өте мүшкіл. Германияда жергілікті халықтың 70 %-ы жұқтыруы ықтималдеп дабыл қағуда. Италияда бір күнде коронавирустан 475 азамат қайтыс болды. Келесі күні 600-дің үстінде адам қайтыс болды деген ақпаратта шығып жатыр. Әлем бойынша қайтыс болғандардың жалпысаны 4000-ның үстіне шыққан. Бізде Алматы мен Астанадан асып Қарағандыға жетті. Күні кеше Алматы облысындатағы бір адам тіркелді. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны 56-ғажетті. Бұл небәрі бір жұманың ішіндегі көрсеткіш.Ал, біздің елде «вирусбізге келген жоқ. Бұл-саясат. Президентті ауыстыру үшін әдейі осындай жағдайұйымдастырып отыр» -депболжам жасаушылар әлі тыйылмай отыр. Бұлар тек өздері сенбегенімен қоймай,басқа адамдардың да сенуіне және сақтануына кедергі келтіріп тұр. Осындайдәлелсіз ақпараттарға сеніп сақтық шараларына бой ұсынбай жүргендер көп.Әлгі «саяси сарапшылардың» айтқаны шындыққа жанасқанның өзінде,елімізге келгені рас қой бұл вирустың. Тек біздің елімізде болып жатқан жағдай емес, бүкіл әлемгетаралып жатқан дерт. Әлем бойынша карантин жарияланып жатқанын бәріміз көріп,біліп отырмыз. Бұл жағдайдың астарында қандай да бір саяси ойын жатыр дегенмен, дәл қазіргітөтенше жағдайда ең маңыздысы халықтың денсаулығы мен амандығы. Биліктөңірегіндені бейресми ақпараттарға бола қарапайым халықтың зиян шекпегенідұрыс.Әлбетте, аты жаман вирустың елімізге келмегенін, халықтың бұл дертпенауырмағанын бәрімізде тілейміз. Бірақ көзсіз көбелектей дәйексіз айтылғансөздерге сене бермей, әрбір жағдайға реалистік тұрғыдан қарап үйренген дұрыс.Қазір Алматы қаласы кәдімгідей босап қалды. Сауда орталықтары мен жұмысорындары жабық. Жұмыс тоқтап тұр. Алматыдан сыртқа ағылып жатқан адам менкөліктің көптігінен қала сыртында кептеліс тіреліп тұр. Мұның бәрі жайдан-жай емес. Сондықтан, әрбір істің астарынан саяси мән іздей бермей, бір сәт өзіміздің жәнежақындарымыздың амандығын ойлайық.«Ауру айтып келмейді,»-деп бабаларымыз баяғыда-ақ ескертіп кеткенғой. Билікке сенбесекте, ең болмаса, сол ескертуге құлақ асайық! Гүлім ОМАР