Сараптама

Қорғаныс министрі кешірім сұрауы керек

Арыстағы оқ-дәріқоймасындағы жарылысты табиғи құбылыс деген қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВхалықтан әзірге кешірім сұрамайтынын кесіп айтты.

Қорғаныс министрі кешірім сұрауы керек

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар ӘУБӘКІРОВ пен бұрынғы қорғаныс министрі Сәт ТОҚПАҚБАЕВ Ермекбаев қалай болғанда да кешірім сұрауы тиіс дейді. 

3 шілде күні мәжілістежурналистердің «Арыстағы жарылыс үшін кешірім сұрайсыз ба?» деген сұрағынаНұрлан Ермекбаев былай деп жауап берген-ді: «Бұл жерде біздің кінәміз бар депайтуға болмайды. Өйткені бұл табиғи құбылыс. Әр арсеналдан төнетін қауіп бар.Сондықтан әзірше халықтан кешірім сұрайтындай себеп көріп тұрғаным жоқ».

Ал бүгін, 4 шілде күні сенат дәлізінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Ермекбаев: «Кешірім сұрау — бұл мен, әскери қызметкерлер және Арыс тұрғындары арасындағы мәселе. Арыс тұрғындары сізге менен кешірім сұрауды талап ететіндей өкілеттілік берді ме? Меніңше, берген жоқ», — деді. 

Ермекбаевтың осысөзіне қатысты сарапшылар пікірін сұрап білдік.

Қазақтан шыққан тұңғышғарышкер Тоқтар ӘУБӘКІРОВ қорғаныс министрі халықтан кешірім сұрауы керекдейді.

"Қорғанысминистрі кешірім сұрауы керек. Ол үкіметтің мекемесі. Министр кешірім сұрап,екінші рет халықты мұндай апатқа душар етпеуі керек. Өзіміз де ел болып, жұртболып Арысқа көмектесейік. Бұдан бұрын да бұл жерде басты кінә әкімшіліктеекенін айтқан едім. Әлі де айтатыным, оқ-дәрі қоймасының жанында қала болмауыкерек. Соғыссыз бейбіт заманда оқ-дәрі қоймасының дарылғаны дұрыс болмады. Бұл ­–апат", ­– деді Т.Әубәкіров.

ҰҚК-нің бұрынғытөрағасы, бұрынғы қорғаныс министрі, генерал-полковник  Сәт ТОҚПАҚБАЕВ та Ермекбаев бұл апатқа тікелей кінәлі болмаса да, жауапты болған соң кешірім сұрауы керек деп есептейді.

"Қазір зейнеттемін. Бұл табиғи апат па, жоқпа, білмеймін. Табиғи апат болған күннің өзінде қорғаныс министрі кешірімсұрағаны артық болмас еді. Себебі база солардың қарауында. Тікелей айыптыболмаса да, жауапты болғаннан кейін кешірім сұрағаны дұрыс шығар", ­–дейді С.Тоқпақбаев.

Қорғанысминистрінің бұрынғы орынбасары, генерал-майор Әмірбек ТӨГІСОВ жарылысты табиғиапатқа балаған министрдің  сөзін миғақонбайтын дүние дейді. 

«Министрдің бұл сөзіне не деуге болады? Миғақонбайтын дүниеге пікір білдірудің қажеті жоқ. Деңгейі сондай болса, сондайдеңгейде қала берсін», — дейді ол.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз