Әлеумет

Қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздардың отбасыларымен кездесті

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қ

Қосанов

Кездесулер қаралы жағдайда өтті. Министр марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына жеке өзі көңіл айтып, орны толмас қазаға ортақтасты. Ол балалары мен жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысын ешқандай сөз жеңілдете алмайтынын атап өтті.

"Біз үшін олар жай ғана әскери қызметшілер емес – қарулас жолдастарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – бүкіл Қарулы күштер үшін ауыр жоғалту. Біз туған-туыстарымен бірге қайғырамыз және осы қиын кезеңде олардың жанынан табыламыз", – деді Қорғаныс министрі.

Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей мерзімді әскери қызметке Жаңаөзен қаласынан, ал Мирас Тұрдыбекұлы Жетібай ауылынан шақырылған.

Қызмет барысында олар жауапкершілігі жоғары, тәртіпті әрі әскери борышын адал атқарған сарбаздар ретінде танылған.

Министр Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың отбасыларын қиындықпен жалғыз қалдырмайтынын айтты. Оларға жан-жақты көмек көрсетіліп, қажетті қолдау беріледі.

Ведомство туындаған мәселелерді шешуге көмектесіп, отбасылармен тұрақты байланыста болатынын мәлімдеді.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің есімі туған-туыстарының, қаруластарының және Қарулы күштер жеке құрамының жадында сақталатыны айтылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз