Қостанайлықтар табиғат апатынан ес жия алмай отыр
Елімізде коронавирус жұқтырғандардыңсаны күн санап өсіп, жұрттың көңілі елең – алаң болып тұрғаны жасырын емес.
Осысәтте жау жағадан алғанда, бөрі етектен аладының кебін киген қостанайлықтар 7сәуірдегі табиғат апатынан әлі есін жинай алмай жатқаны жасырын емес.
Біркөңіл қынжылтатыны бұған дейін елді үйде отыруға үндеп, кезкелген табиғатапатына дайын сақадай сай отырғанын жеткізген жергілікті биліктің өзі облыстарихында болмаған ақ түтек боран мен арнасынан асқан өзендерді көргенде абдырап қалды. Облыстың атқамінерлері өз-өздеріне келіп болғаншаоблыс орталығы Қостанай, іргелес жатқан Тобыл, кеншілер шаһары Рудный қалаларыныңтұрғындары алды жарты, соңы үш тәулікжарықсыз және сусыз отыруға тура келді.
Оныңсыртында облыс аумағында аудандардыңкейбір ауылдарында осы уақытқа дейін жарық пен байланыс жоқ екенін естіпжатырмыз. Енді, ойланып қараңыз қазіргі таңда республика аумағына енгізілгентөтенше жағдайға байланысты оқушылар мен студенттер үйлерінде отырып, білімалуға мәжбүр болып отырғанын ескерсек, енді не болады деген заңды сұрақтуындайды.
Жарайдыбұл өз алдына бөлек бір мақалаға арқау болары анық. Бірақ, жергілікті билік осы апаттан соңжұмған ауыздарын ашпады. Мәселен, обыс орталығының іргесінде халық көп қоныстанған Заречный ауылыныңтұрғындарының айтуына қарағанда, жарық пен сусыз қалған елдімекенде нағыздүрбелеңнің көкесі келесі күні басталған. Осындай ауру тарап жатқан кезде үйде отырудыңорнына бір жұтым су мен бір түйір нан іздеген халық көше кезіп, үйлерінен безіпкеткен. Кейбірі алдында ғана жауған ауыласындағы қарды ертіп, суын ыдыс аяқжуға пайдалағаны естіп жағамызды ұстадық. Бұл көрініс қалада да қайталанған.
Апаттансоң есеңгірген жұртты осы арада сабырға шақырып басу айтатын бірде-бір билікөкілі болмағаны көңіл қынжылтады. Жаны қысылған ел жергілікті комуналдыққызметтердің мамандарына байланысқа шыға алмай, шықса тұшымды жауап ала алмайәуре сарсаңға салғаны жығылған үсіне жұдырық болды.
Осыныңсалдарынан халық іштегі қыжылдарын әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатты.Солардың бірі Заречный аулының тұрғыны Серік Лашынов жергілікті шенділергедеген ызасын былайша жеткізіпті.
«Меноблыс орталығының шетіндегі Заречный ауылында тұрамын. 3 күн болды бізде суда,жарықта жоқ. Не істеуге болады. Бізді ойлайтын біреу бар ма», -деп.
Ал оғанүн қосқан тәуелсіз журналист Александра Серғазинова
«Меніңосы ауылда қарт анам тұрады. Жарық пен су болмағандықтан қалтыраған анамызтоңып қалаға бізге келді. Міне саған үйден шықпа», депті.
Ал ендіөзіңіз саралап көріңіз жоғарыдағы нан мен су іздеп сабылған халыққа өз үйінен тоңыпбала-шағасын сағалап кеткендерді ескерсек сонда біздің елімізге карантинніңқажетті қанша.
«Жығылғанғажұдырық « дегендей сол сәтте Қостанайоблысының Қарасу ауданына қарасты Қарамырза ауылының іргесіндегі Түнтегөр өзенітасып 60 үйді су шайып және осынша баспананың ауыласы топан судың асындақалған. Неге екенін билмеймін аудан әкімдігі бұл оқиғаны соңына дейін жасырыпбақты.
Тек қана еліміздің ғаламтордағы сайттарына ақпарат шыға бастағандаоблыстық төтенше жағдай жөніндегі департамен басшысы ара 3 күн салып 10 сәуіркүні онлайн түрдегі баспасөз мәжілісін өткізді.
Осынаужиында не Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко не өңір басшысы Архимед Мұхамбетов болмаса орынбасарылытөбе көрсетпеді. Олар мүмкін елімізді жайлаған жаман індеттен сақтанып ешкімменсөйлеспеуді шешкен шығар кім білсін?
Облыстықтөтенше жағдай жөніндегі департамен басшысы Талғат Кәкімов арқылы облыс әкімі Архимед салысуға кеткен Қарамырза ауылының тұрғындарына облыстық қазынадан 10,5 млн теңге бөлінетінін айтып, сәлем жолдапты.
«7 сәуірде таңертеңгі бақылаужұмыстары барысында Карасу ауданындағы Түнтегөр өзенінде сең жүрген жоқ. Шамамен күндізгі 15.30-даауа райы күрт нашарлай бастады, артынан жылдамдығы 30 м / с-қа дейін жететінжелдің екпіні болды. Кеніт желдің бағытыоңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа сосон солтүстікке ауысты. Желдің салдарынанТүнтегөр өзенінде 25-30см биіктікте толқындар көтеріп, өзен мұз еріген судың салдарынан Қарамырзаауылына қарай ағысын өзгертті. Күндізгісағат 16.30 шамасында ырық бермеген өзен суы ауылдағы тұрғын үйлерді басып қалды.
Барлығы 60 үйді су басты. 8сәуірде, сағат 16.00-де Түнтегөр өзеніндегі су деңгейі 40 см-ге төмендеп, суастында қалған 20 үйдің аумағы тазартылды. Осы уақытқа дейін тәулік бойы ТЖД арнайы техникасы үйлердегі суды сорып шығарып жатыр. Қазіргі таңда субарлық тұрғын үйлер мен аулалардан кетті», — дейді облыстық төтеншежағдай жөніндегі департамен басшысы Талғат Кәкімов.
ОблыстықТЖД бастығының айтуына қарағанда, Карамырза ауылының 200 тұрғыны су тасқынынанзардап шеккен деп танылып отыр.Баспаналары су астында қалғандарға облыстықбюджеттен 50 АЕК (138 000 теңге) өтемақы төленеді. Ауыладағы қосалқы ғимараттар әрқайсысына 25 АЕК (69 000 тенге) берілмек. Төлемдердіңжалпы сомасы 10,5 млн теңгені құрап отыр. Оның сыртында зардап шеккен жанұяларға жұмыс берушілер40 000 теңге төлмек. ның сыртында азық-түлік пакеттері де дайындалып жатырекен.
Онлайнтүрінде өткен мәжіліс соңында Талғат Кәкімов Қостанай облысында ойнақсалған қуатты циклон туралы қысқашатүсінік берді. Ол 7 сәуірде желдің жылдамдығы 40 м / с-қажеткенін атап өтті. Қатты қарлы боран «KEGOK» АҚ облысқа жарық беріп тұрған 40 мұнарасының құлауына және 87 әлеуметтік нысандардағышатырсыз қалуына әкеп соқтырған.
«Атап айтқанда, қатты дауыл облысаумағындағы 78 мектеп, екі аудандықаурухана, бір мәдениет сарайының шатырлардын жұлып әкетті. Қазіргі уақытта 30мектептің, бір оқушылар сарайының және бір бөбекжай-балабақшаның шатыры қалпынакелтірілді. Тұтынушылардың 94% электрмен қамтамасыз етілген, желілерді қалпынакелтіру жұмыстары әлі жалғасуда. Дауылдың салдарын толық жою үшін әлі екі апта қажет. Қостанай облысындадауылдан болған жалпы шығынның алдын ала сомасы-302 млн теңге жетіп жығылады», — дейді Талғат Кәкімов.
P.S Жалпы осындай қысыл таяң кезде тап келген табиғат апатына көкірегін керіп жар салған Қостанай билігінің шынмәнінде дайындықсыз екенін көрсетті. Даын болған мүмкін мұндай шығындар болмаседі. Сәуірде соққан дауыл биліктің бетпердесін шешіп берді. Сапасыз салынғканқұрылс пен білім ордаларына кеткен күрделі жөндеулер шатырмен бірге желге ұшты.
Шынболат Шыңғысұлы,
Қостанай облысы