Әлеумет

ҚТЖ-ға 170 миллиард не үшін қажет?

Жуырда"Қазақстан темір жолы" АҚ-на Зейнетақы қорынан 170 млрд.теңгеаударылатыны баспасөз беттерінде жария болды.

ҚТЖ-ға 170 миллиард не үшін қажет?

Ал Қазақстанда темір жолбекеттерінің жағдайы оңып тұрмағанын ескерсек, жолаушылар тасымалынан түсетінқаражаттан бөлек, осынша мол қаржы ҚТЖ-ға не себепті қажет екені түсініксіз.

Облыстардағы темір жол бекеттерінде басқасын айтпағанда әжетханаға кіру үшін деақы төлейтінін халық жақсы біледі. Маңғыстау өңірінде онсыз да карьерлердауынан арыла алмай отырған Шетпе елді мекенінде бір емес, екі темір жолвокзалы бар. Бірақ тұрғындар вокзал деп ауыз бармайтынын айтып отыр. Себебівокзал ғимаратының тозығы жетіп, ешқандай қызмет түрі көрсетілмейді екен. Шетпевокзалы жолаушылар тасымалында маңызды бекет, Жаңаөзен қаласы мен Жетібайкентінің халқы аталған вокзалға барып жолға шығады.

Тұрғындардыңшағымынан соң Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі облыстық филиалының мониторинг тобы қос вокзалға барып тексерісжүргізген. Жергілікті билік өкілдері 20 жылға жуық уақыт бойы жырға айналған теміржол бекеттерінің мәселесін бір-біріне сілтеп отыр. Халық вокзалды сенімгерлікбасқару арқылы кәсіпкерлерге беру — ең тиімді жол деп отыр.

«Вокзалдарды барып көрдік. Адам шошырлық хәлде. Ішкіесіктерін былай қойғанда, сыртқы есігінің өзі жабылмайды. Терезелері сынған, төбесі ашық қалған. Мал қора деп атауға болатын шығар.Тексерістен соң вокзалғажөндеу жұмыстары басталған екен. Ғимаратты сырлап, бірнәрселер жасап жатыр.Бірақ әлі де бұл мәселе талқыланатын болады», - дейді мониторинг тобының мүшесі Римма УТЕСБАЕВА.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз