Әлеумет

Құбыр шығарған зауыт 53 млн қарыз

Мемлекеттік ақпарат құралдары: «Америка, Еуропа,Азия мен Африкаға өнімдерін шығарады» деп төбесіне көтерген компания бұрынғы жұмысшыларына 53 млн теңге қарыз.

Құбыр шығарған зауыт 53 млн қарыз

Қарызға батқан ақтөбелік «Бейметалдар құбыры» зауыты 2005жылы желтоқсан айында жұмысын бастаған еді. 2010 жылы су құбырларын ғанаөндіріп келген кәсіпорын мұнай-газ және басқа салаларға арналған құбырларды даөндіре бастаған. Сол кезде компания басшысы Ян ТАМПАЕВ шетелдерден сұраныстыңкөп екенін және өнімдерінің тоқсан пайызын экспортқа шығарып жатқанынмәлімдеген.

Екі жүзден аса жұмысшылар еңбек еткен компанияның  жыры 2016 жылдан басталған. "Қаржылықдағдарыстардан қиындық көрдік" деген кәсіпорын айлық төлеуді тоқтатабастайды. Қазіргі уақытта 132 адам 53 миллион теңгесін ала алмай отыр. 

«Мен бес жүз жиырма төртмың теңге ақшамды ала алмай отырмын. Маған қайта компания аз ақша қарыз.Миллионға жақын, миллионнның үстінде маңдай терімен тапқан ақшаларын ала алмайжүргендер бар. Міне, төрт жыл болды. Қай жаққа баратынымызды білмейміз. Күзеткомпанияға кіргізбейді. Мұның басшысы да, жауапты адамы да жоқ. Тым құрығандабіздің елде  үкімет пен заң бар шығар»,-  деді айлығын даулап шаршаған ОралбайЕЛУБАЕВ «ЖасАЛАШ»тілшісіне.

2014 жылы Ақтөбеге іс сапармен келген Кәсіпкерлерпалатасының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ Қазақстандағы жалғыз бейметалдар құбырыншығаратын зауыттың жағдайын көзімен көрген. Экс-президент НұрсұлтанНАЗАРБАЕВТЫҢ миллиардер күйеу баласына Ян Тампаев экспорттан түсетін 4 миллиардтеңгенің 1 миллиардқа азайғанын айтқан еді.

Айтпақшы, сол кезде Ұлттық қордан екінші дәрежелі банктермен экономика саласына 1 триллион теңге бөлінген еді. Алайда, ақтөбелік зауытқабұл қыруар қаражаттан несібе бұйырмаған секілді. 2018 жылы 22 ақпанда банкротболғанын жариялады.

«Жоғарыда отырғандар үшінелу үш миллион деген «мелоч» сияқты ғой. Әлдеқашан құтылуға болатын еді.Банктерге қарыз болып бермесең, сыпырып тұрып ұстар еді пенияны. Ал мыналардеген саспай жүр ғой бермей. Міне,  үшжылдан асып кетті», -  деп ашынадызауыттың тағы бір бұрынғы жұмысшысы Қайырхан ОРАЗАЛИН.

«Жас Алаш» тілшісі аталғанкомпанияға барғанымен басшылармен кездесе алмады. Күзетшілердің айтуынша,есіктеріне қара құлып салынған зауыттың басшылары бұл жерде төбелерінкөрсетпейді екен.

Үш жылдан бері еңбекақыларын даулап шаршаған жұмысшыларенді Ақтөбеге келген жаңа әкімнен Оңдасын ОРАЗИЛИННЕН көмек сұрайды. Жұмысшыларқұны 1,4 миллиардқа бағаланып, сатылымға қойылған зауыттың қайтадан іскеқосылғанын қалайды. Алайда жаңа әкімнің әзірге бұл өнеркәсіп орнын қайта қалпына келтіру ойында жоқ екен.

«2018 жылдың 22 ақпанындазауыт банкрот болып жарияланды. Зауыт сатылымға қойылды. Бірақ ешкім қатысыпжатқан жоқ. 1,4 млрд теңгеге  бағаланған.Мемлекеттік кірістер департаменті банкротты басқарушыны да тағайындады. Тиесіліқұрал жабдықтар, техникаларды сатылып жатыр. Бірақ қай уақытта болатынын айтаалмаймыз», -  деді Ақтөбе облыстық еңбекинспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Нұрлан ЕРЕКЕЕВ.

Жергілікті шенеуніктер зауыт сатылса ең бірінші түскенақшаны жұмысшылардың еңбек ақыларына жұмсайтын боламыз деп отыр.

Фото: pvo74.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз