Саясат

Құлаған Ан-26-ның қара жәшігі тексеріліп жатыр

ҰҚК Алматы маңындағы әуе апатынан соң қабылданған шаралар туралы айтты. "ҚР Үкіметі орын алған авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамына Ұлттық қаупсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірліктерінің өкілдері кірген арнайы сараптау комиссиясын құрды.

Құлаған Ан-26-ның қара жәшігі тексеріліп жатыр

Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы ("қара жәшік") табылды және ішіндегі мәліметтері тексеріліп жатыр, нәтижелері жақын уақытта хабарланады", — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қаза болғандардың туғандары мен туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз