Саясат

Құрбандар көп болады - Билл Гейтстің болжамы дөп келе ме?

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш» LADbible-ге сілтеме жасап. Мультимиллиардер бұған қатысты Veritasium YouTube-каналына берген сұхбатында айтқан.

Құрбандар көп болады - Билл Гейтстің болжамы дөп келе ме?

Гейтстің айтуынша, күннің күрт жылынуына  байланысты табиғи апаттардан қайтыс болғандар саны жыл сайын артып келеді.

«Коронавирус пандемиясы кезіндегіге қарағанда қайтыс болғандар саны көп болады», — дейді ол.

Сондай-ақ, Microsoft негізін қалаушы биотерроризмнің де үлкен қауіп екенін айтты.

«Адамзатқа үлкен зиян келтіргісі келетін адам соңы өлімге әкелетін вирус әзірлеуі мүмкін», — дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, бұған Гейтстің «коронавирус пандемиясына қатысы бар» деген қауесет тараған болатын. Оның айтуынша, вакцинация туралы жалған фактілердің таралуы COVID-19 эпидемиясын ұзартуы мүмкін.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз