Өңір

Құртты әлемдік нарыққа шығарған кәсіпкер мемлекеттік қолдауға мұқтаж

Сүт, уыз, балқаймақ, қымыран,тасқорық, жарма құрт, ірімшік – көшпенділер тұрмысында жиі пайдаланған осындай тағамдарХХІ ғасырда да ерекше сұранысқа ие.

Құртты әлемдік нарыққа шығарған кәсіпкер мемлекеттік қолдауға мұқтаж

Еуропаның өзі көшпелі өркениет өміргеәкелген «аққа» қызығушылық  танытып, көптепсатып алады. Бұған Қарқаралы ауданы Нұркен ауылындағы «Атамекен» шаруақожалығының шағын цехында болғанда көз жеткіздік.

Кәсіпкерліктің қыр-сырын жақсы меңгерген Қинаят Сламбекжетекшілік ететін берекелі ұжым өңірдегі өркендеуге бет алған шаруашылықтардыңкөш басында тұр. Емдік қасиеті бар  бірегей өнімдері тамсандырмай қоймайды. Дастарханнантабылмайтын біраз «ақтың» аты санамызда жаңғырып, алдымызға ұсынылды.

– Әжем құрттың бірнеше түрін жасайтын. Әрқайсының атынақарай дайындау әдісін білетін. Сол кісіден көріп, көңілге түйген қағидалар бар.Кейін жеке шаруашылық ашу жайында алдыма мақсат қойғанда Қытайдағы «Тибет»медициналық орталығынан сүт өнімдерінің дайындау ерекшелігі жайында екі жыл арнайы білім алдым, – дейді ол.

Шаруашылық басшысы түрлі деңгейдегі көрме-жәрмеңкелерденқалыс қалмайды. Ерең еңбек иесінің  өнімдері қазақтың ғана емес, әр елден келетінтуристердің үлкен сұранысына ие. Әсіресе ерекше баппен әзірленетін сары май менқұртқа таңдау жасайтындар көп. Әңгіме арасында іскер азамат: «Шетелден келгенкісілер «мынаны кім жасады, қайдан келді» деп сұрайды. Қазақша әзірленген депайтамыз. Біз тасқорық, күлше, шүйірмек, сықпа, тағы басқа  құрттың жеті түрін  шығарамыз. Мәселен, тасқорық құртын дайындауүшін 12 түрлі тас қажет. Найзағайдың отына қыздырылған шыңдардағы тастарды Алтай,Байкал тауларынан алдырамын. Қарқаралы тауларынан да емдік қасиеті бар тастардыкездестіруге болады. Мәселен, тасқорық құртын жасауға жеті түрлі тас керек. Әлгіұсақ тау үгіндісін сиырдың майлы сүтіне салып, бір апта ашытамыз. Содан кейінмалта тастарды сүтпен бірге  2-3 минуттайпісіреміз. Кейін іріген сүтті сүзіп, тастарды алып тастаймыз. Тасқорық құртысүттің құрамындағы пайдалы заттардың ағзаға жұғымдылық сапасын сақтайды. Соныменқатар атан қой мен атан серкенің қарнына салып дайындайтын сары майдың өкпе менжүрекке қыруар пайдасы бар. Қос өнімге, әсіресе, Германия мен Біріккен  Араб Әмірлігінен келген туристер көп тапсырысбереді. Олар тасқорықты – 50, сары майды 20-30 келіге дейін алғызып тұрады.

Қытайдың Шыңжаң өлкесінен атамекенге қоныс аударғанҚинаят Сламбек бозбала шағынан атакәсіптен нәпақа табуды арман еткен. Алыстанкелген ағайын мал шаруашылығын кәсіпкерліктен кем меңгермеген. 2017 жылы Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 18 млн теңге несие алып, оған Қытайдан сүтөнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар мен техника  әкеледі. Арада аз уақыт өткен соң, «Ауыл шаруашылығыннесиелендіру» серіктестігінен алған 18 млн теңгеге Чехиядан сүтті бағыттағы симменталтұқымды 23 бас сиыр әкелген. Жері шүйгін, малы қоңды Қинаят Сламбек маласылданбай, төл көбеймейтінін жақсы түсінеді. Төл басын көбейтуге бел буады.2019 жылы аталған қор арқылы  96 млнтеңге қаржыға қол жеткізген. Бұл қаражатқа отандық шаруашылықтардан  шетелден әкеп жерсінген 180 ірі қара алған. Қазір60 бас аналық зеңгір баба тұқымынан тәулігіне 250 литр сүт жинап, сүт өнімдерінің15 шақты түрін саудаға шығарып отыр. Тұрақты тұтынушылары сауда нүктелерінежеткізбей, шаруашылықтың басына келіп, сатып алып кетеді. Кішігірім қожалықбұдан бөлек,  шетелдік азаматтардың   тапсырысын қабылдайды. Кез келген бизнестіңдамуы тұрақтылықтың кепілі ғана емес, әлеуметтік жауапкершіліктің көрсеткішіменөлшенеді. «Атамекен» шаруа қожалығында жұмыс істейтін 20 отбасы ауыл маңынантұрақты жұмыс тапқанына дән риза. Табан ақы маңдай терлерінің ақысын адал төлепотыр. Мұндағы тракторшылар мен механизаторлардың алды 150 мың теңге жалақығақол жеткізсе, өзге жұмыскерлер  жүктемегеқарай 100 теңге көлемінде еңбекақы  алады.

Түгін тартсаң майы шығатын Жер-ананың ебін тапсаңберекесі мол. Еңбекқор шаруашылық басшысы біртіндеп  кәсібінің бағытын кеңейтті. 2019 жылы Ауыл шаруашылығынқаржылай қолдау қорынан 96 млн теңге несие алып, оған жиып-терген 42 млн теңгеқаражатын қосып, егін шаруашылығымен айналысуды  бастады. Жекеменшігіндегі 300 гектар жергесоқа салып, арпа, бидай егіп, 10 гектарға картоп отырғызды. Науқандық жұмысқа жұмылдырылған жаңа техникасы соңғыүлгідегі көліктер. Қытайдың  Жинанөлкесінен әкелінген соқасы бар және отандық «Белорус» тракторлары  істі  ілгерілетуге орасан зор септігін тигізген. Алайдашетелдік өнім мен отандық тауар құнында көп алшақтық бар. Көрші мемлекет техникасыныңбағасы отандық өнімнен  әлдеқайда арзанәрі сапасы жоғары. Қытайдың соқалы тракторының құны 10 миллион теңге тұрса,Қазақстаннан шығарылатын  осындай ауыр көлік3,5 млн теңгеге қымбат. Бұл тиыннан теңге құрап отырған орта және шағын бизнесөкілдерінің шатқаяқтауына әкеп соғатыны анық. Осы орайда, үкіметтің төл өнімдеріміздің  баға саясатына назар аударып, жөнге салатынкез келді. Еңсесін тіктеп келе жатқан ауыл шаруаларының мүддесін ескергенләзім. Әсіресе ауылшаруашылық техникасын субсидиялауда орта және шағын бизнесөкілдері көптеген  кедергіге кезігіп  отыр.

– Шетелден арзан бағаға сатып алған техникамсубсидиялаудың талабына кірмейді екен. Енді қайраңға шыққан балықтай күй кешіпотырған жайым бар. Осындай күрмеуі қиын мәселеге екі жыл бұрын несие аларда тапболып едім. Ол жолы субсидиядан толық қағылдым. Анығын айтқанда, 40 млн теңгежеке қаржыма мал бордақылау, сонымен қатар сауынхана алаңын және сүт цехыкешенін тұрғыздым. Өз күшіммен салған нысандарды банк  несиеге кепілдік ретінде  алды. Негізі, кешен тұрғызуға субсидияберіледі. Бірақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы менің өтінішімді керіқайтарды. Құзырлы басқармадағылардың айтуынша, жалдамалы жұмыс күші тартылғанжағдайда ғана субсидиялануға кіретінімді айтты, – дейді  «Атамекен» шаруа қожалығының жетекшісі Қинаят Сламбек.

   Қаржыберуші ұйымдардың «көтеремге көлденең» әрекеті ауыл шаруашылығындағы шағыншаруашылықтардың жігерін жасытып, сенімін мұқалтып тұр. Кәсіпкерлер мүддесінқорғайтын «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының ресми ақпараты бойынша, субсидиялаутүйткіліне байланысты облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы орта және шағынкәсіпкерлерден жыл басынан бері 36 өтініш келіп түскен. Палата қарауынажолданған 10 адамның сұранысы қанағаттандырылып, кәсіпкерлердің ісіне кедергікелтірген 12 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. «Субсидия беру талабы көбінеірі кәсіпорындардың мүддесіне сай жасалған. Бүгінде шағын және ортакәсіпкерлікпен айналысушылар мемлекет көмегін толық сезініп отырған жоқ. Сондықтанзаңды қайта қарастыру керек», –  дейдіпалата өкілдері.

Біз тілге тиек еткен «Атамекен» шаруа қожалығының мақсатыбекем –  өрістегі ірі қара санын 1000басқа жеткізу, егістік алқаптың көлемін де осы межеге жақындату. Қожалықжетекшісі Қинаят Сламбек атажұртын  тынбайтүлетуге  бейілді. Ол үшін зайырлықоғамға сай, заңы әділ де ашық болуы шарт.

Қарағанды облысында қазір  87 601 орта және шағын бизнес нысаны бар. Онда239 900 адам еңбек етеді. 2018 жылғы көрсеткіш бойынша шағын кәсіпкерліктежұмыс істейтіндердің саны 237 446 тұрғынды құрайды. Өңір халықты  жұмыспен қамту санаты бойынша республикада 4-орындатұр. Орта және шағын бизнес нысандары салық төлемінен  республикалық бюджетке 16,5 пайыз қаржы құйыпотыр.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағанды облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз