Қоғам

Қырғызстанда экс-президенттің ұлы билікті басып алуға дайындалды деген іс бойынша сотталды

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың кіші ұлы Қадырбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шықты.

Қадырбек Атамбаев

Сот оны билікті күшпен басып алуға дайындалды деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оның мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Осы іс бойынша "Социал-демократы" партиясының жетекшісі Темирлан Султанбекбек те сотталды. Бұған дейінгі үкімін ескере отырып, оған жалпы жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал бұрынғы депутат Кубанычбек Кадыров ақталды.

Іс бойынша күдіктілер 2025 жылғы қарашада ұсталған. Алғашында оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген күдік келтірілген. Кейін олардың бір бөлігіне тағылған айып билікті басып алуға дайындық бабына өзгертілді.

Сотталғандардың арасында Қазақстан азаматы Серікбай Қабыланбек те бар. Оған бір жыл тоғыз айға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Жазасын өтегеннен кейін оны Қазақстанға депортациялау жоспарланған.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз