Саясат

Қыркүйекте Нью-Йоркта АҚШ және Орталық Азия лидерлерінің саммиті өтеді

АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия елдері басшылығының қатысуымен саммит өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап.

Қыркүйекте Нью-Йоркта АҚШ және Орталық Азия лидерлерінің саммиті өтеді

18 тамызда Forbes АҚШ президенті Джо Байденнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке жолдаған хатының мәтінін жариялады.

Онда АҚШ президенті өзбек басшысын қыркүйектің аяғында Нью-Йоркта БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы сессиясының ашылуы кезінде өтетін «Орталық Азия- АҚШ» (С5+1) форматындағы бірінші саммитке шақырған.

Хатта АҚШ пен Орталық Азия президенттерінің кездесуі 19- 20 қыркүйекте белгіленгені айтылады.

«Мен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясын тағатсыздана күтемін. Онда біз халық өміріндегі ең маңызды мәселелер бойынша шешімдерге келеміз. 19-20 қыркүйектегі “C5+1” форматындағы ресми кездесуде сіз және әріптестерімізбен бірге қауіпсіздік, экономика және экология бойынша жалпы мақсаттарға жетуді талқылаймыз деп үміттенемін», — деп жазған Джо Байден.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз