Әлеумет

Қыста қымыз сапырған «Шәушен» қожалығы

Қымыздың дертке шипа, дәтке қуат беретін бағалы сусынекені ғылыми тұрғыдан дәлелденіп қойғалы қашан… Десек те сан ауруға ем осыұлттық сусынымызды өз деңгейінде дәріптей алмай, бағасын білмей жүргендейміз.

Қыста қымыз сапырған «Шәушен» қожалығы

Жаз күндері шара-шара қымыз сапырыпотыратын ауылдың өзінде қыстыгүні бұл сусын аса қат болатыны белгілі. Енді, міне, осы олқылықтың орнын ҚазақстанныңЕңбек Ері Сайранбай Дөненбаев басқаратын Т.Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығы толтырыпотыр. 

АғайындыДөненбаевтардың қымызбен емдеу орталығын ашқаны – бар қазаққа жасағанжақсылығы. Өйткені, енді осы орталық бал қымызды аңсап, дертіне шипаіздегендердің қажетін өтейтін болады.«Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев тау етегінен қымызбенемдеу орталығын ашуды бұрыннан бері ойластырып жүріпті. Ойға алған жобасын іскеасыру мақсатында көп ізденіп, мамандарға қайырылыпты. «Іздеген жетер мұратқа»демекші, қымыз өндіру үшін өз қаражатына жалпы құны 250 миллион теңге тұратынжылқы фермасы жобасын іске қосады. Қазір онда қыстың өзінде 60 бие желідебайланып тұр.Әр биеден 9 литрге дейін саумал сауылады екен. Ал қожалық қоймасындағы сақтаулықымыздың көлемі 10 мың литрге жетеді. Жақын күндері олар Жамбыл облысының80 жылдығына бұл орталықтың жанынан тағы бір нысап салып, тарту еткелі отыр.

Сайранбайдың ағасы Мейрамбек Дөненбаев халық арасындатаралған әдіспен әзірленген қымыз механикаландырылған жабдықта дайындалғансусыннан гөрі дәмдірек әрі оның емдік қасиеті жоғары, күштірек болатынын айтады.Осындайда бір тәмсіл ескетүседі. Баяғыда бір қария білім қуған жастардан: «Мына торсықтан қымыз қосқансу немесе су қосқан қымыз бере қойшы. Айтпақшы, осының атын не деуші еді?» –деп қуақылана сұрапты. Жастар бұл сусынның атын іздеп, өзара таласып, дауласыпкетеді. Сонда ақсақал: «Тәйірі, осыған да таласа ма екен? Су қосқан қымызболса, оның дені қымыз емес пе? Қымыз қосқан су болса, судың аты су емейнемене? Естуімше, мұқтасарда мұның екеуінің де атын «шалап» дейтін көрінеді.Құйшы сол шалапты, мінеки, суың», – деп, су құйған тостағанын ұсыныпты. Қазіросы шалапты көбіміз қымыз деп жүргеніміз жасырын емес. Жайма базардың сөресіненсатып алған қымызымыз кейде су татып кетеді. Сондайда қынжылып, нағыз қымыздыаңсайсың. Ал нағыз қымыз жайма базарда емес, қоймада болады.Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың «Егер ұлттық тағам-сусындары дастарханнанкететін болса, ұлт ауруға шалдығады» деген сөзі бар. Ендеше, ұлтымыз ауруғашалдықпасын десек, ұлттық тағам-сусынымыздан қысы-жазы қол үзбеуіміз қажет.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз