Саясат

Қытай зауыттарына қарсылық: Семей де Жаңаөзенмен бірге

Жаңаөзеннен бастауалған Қытайдың 55 зауытын әкелуге қарсылық білдірушілерді қолдау мақсатындабүгін Семейде бір топ адам наразылық білдірді.

Қытай зауыттарына қарсылық: Семей де Жаңаөзенмен бірге

Қалалық әкімдіктің қарсы бетіне орналасқанСалық комитеті ғимаратының алдына келген азаматтар «Мы против Китайскойэкспансии» деген жазуы бар ақ парақты кезек-кезек ұстап әкімдікке қарап көзталдырғанымен, атқарушы билік тарапынан ешкім шықпады.

Оқи отырыңыздар: Ақтөбедежұрт ереуілдеп, әкім жолдау талқылап жүр (видео)

«ЖасАЛАШ»тілшісіне ойын бөліскен наразылық білдірушілердің негізгі талабы — «Қытаймен шекарамызды жабық ұстау керек.Билік халықпен ақылдаспай жасырын саясат жүргізуін доғаруы тиіс»дегенгесаяды. Қала тұрғыны Ақылбек ШАРАПИЕВ осы тұрғыдағы ойын былайша білдірді.

— Мен Қытайдың мына экспансиясына түбегейлі қарсымын.Қазақтың басынан кетпейтін онсыз да проблема көп. Саяси жүйенің халықтыңжағдайын ойлайтын сыңайы байқалмайды. Назарбаев бастаған «жоғарыжақтағылар»  кетпей, бізде ешқандаймәселе шешілмейді. Нақты айтқанда, олар қазақты Қытайдың астына салып бергеліотыр. Қытайдағы геноцидтің басында да Назарбаев отыр деп білемін. НегізіҚытаймен шекараны жауып тастау  керек.Ондағы қазақтар зорлық пен қорлық көріп жатқанда біз қалай оған құшақ жаюымызкерек? Қайта, онымен шекараны жауып, Еуропа елдерімен байланысты күшейту керекемес пе?

Оқи отырыңыздар: Алматылықтар"Қытай экспансиясына" қарсы шыққан жаңаөзендіктерді қолдады

— Қытайдан алғанҚазақстан қарызы туралы не айтасыз?

— Шын мәнінде біз оны қайтара аламыз деп ойлаймын.Назарбаевтың жасырған қаражаттарын табу арқылы. Оны мен сияқты қараша халықайтып жүрген жоқ. Қажыгелдин бастаған қаншама көзі ашық азаматтарымыз көріпотыр, жақсы біледі. Қайда, қанша миллиардтары жатқанын. Ертең ол кеткен күні(Назарбаев, — Авт.) Нұр-Сұлтан Астана атауына қайта келетініне сенемін. Қысқасы,біз Қытаймен байланысты тоқтатпай болмайды. Мұны мен бала-шаға, немерелерімеалаңдағандықтан айтып отырмын. Жерді алып қойса болды, ертең олардың Қытайдың құлынаайналмасына кім кепіл?! — дейді Ақылбек ақсақал.

Атқарушы биліккеқарсылық білдіргендердің айтуынша, қалалық әкімдіктен ешкім шықпағанымен,сырттай келіп түсіріп жүрген блогерлер бары байқалған. Осы кезде олар жандарынакелген «Ақиқат» ЖСДП Семей филиалының басшысы Майра ӘБЕНОВАНЫ ұнатпай қалды. «Біз сізді шақырғанымыз жоқ. Аулақ тұрыңыз.Бәлкім, сізді әкімдік жіберген шығар», деп күдіктенді біреуі. М.Әбеноваоларға наразылық шарасын өткізудің жөн-жосығын білдіруге тырысқанымен, онысынанештеңе шықпаған соң өз жөніне кетуге мәжбүр болды.

— Мына жерде он кісі де жоқ. Ұят нәрсе ғой мынау. КезіндеКозлов деген журналист абақтыға жабылғанда, оның босатылуын талап еткен көпадам ҰҚК ғимаратының жанына жиналған болатын. Қазір мынадай топпен жиналғанды ешкімтыңдамайды. Мен саясат алаңында жүргелі 25 жыл болды. Мен біреудің шашбауынкөтерейін деп те келгем жоқ. Қайта, тәжірибемді бөлісіп, жоғары білімді адамретінде қолдамақ болдым. Ең бірінші біз осындай қоғамның қалыптасып, осындайкүйге түсуімізге өзіміз кінәлі екенімізді білуіміз керек. Беталды шығыпбақырғаннан ештеңе шықпайды. «Сен әкіммен келісіп кепсің» деп салды. Құдайсақтасын, менің Майра Әбенова атым бар. Әкімнен ұялмаймын да, қорықпаймын да.Өйткені, мен заңды білемін, — дейді М. Әбенова.

Ал, ЖасұланМақажановтың айтуынша, халықтың жағдайы нашарлап, тентіреп жүруіне биліккінәлі.

— Тоқаевтың Қытайға не мақсатпен баратыны маңызды емес менүшін. Бірақ, Қытайды қаптатып кіргізбеуі керек ол. Жіберілген күнде де біздегіоқыған, өндірістен хабары бар азаматтардың қарамағына келуі керек. Біз Қытайбастықтарының иелігіне баратын жұмысшы болуға тиіс емеспіз. Мен өзім 18жасымнан жұмыс істеймін. Мамандығым теміржолшы. Бірақ, азаматтық үнімдібілдіруден ешқашан танған емеспін. Жерге қарсы митингке де қатысқанмын. Жалпы,өз ойым Қытаймен сыбайлас атқарушы биліктің қай сатысында отырған адам болсын,соттау керек. Себебі, биліктегілер қазақты момын халық санап, ақылдаспай, сөзінқажет те қылмай алдап келеді, алдай да береді, — дейді Ж. Мақажанов.

Осы кезде қалалықәкімдік жақтан шыққан қара костюм-шалбар киген, қаракөзілдірікті әлдебір жасжігіт өзге наразыларды видеокамераға шақырып, сөзін таспаға түсіріп тұрды.Алайда, наразылық білдірушілер кім екенін жан-жақтан қаншама рет қадала сұрасада жауап бермеген күйі, ләм-деместен өз жөніне кетіп қалды.

Оқи отырыңыздар: ЖаңаөзендіктерТоқаевтан жауап күтіп отыр

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз