Қоғам

500-ден астам мұғалімнің жеке деректері жарияланып кеткен

Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасы хабарлады.

Жеке дерек

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы жеті білім беру ұйымында 500-ден астам қызметкердің жеке мәліметтері интернетте ашық жарияланған.

Тексеру барысында білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты деректердің мемлекеттік сатып алу порталындағы көпшілікке қолжетімді құжаттарға енгізілгені анықталған.

Прокурорлардың араласуынан кейін заңбұзушылық жойылып, қызметкерлердің жеке ақпараты порталдан өшірілді.

Жеке мәліметтердің жария болуына жол берген білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты тәртіптік шара қолданылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз