Әлеумет

Қызылордадағы құм мен құжат құрсауындағы ауыл

Қызылорда облысынақарасты Арал ауданы, Қосаман ауылдық округі осыуақытқа дейін құм көшкінінен зардап шеккен ауылдардың бірі.

Қызылордадағы құм мен құжат құрсауындағы ауыл

Ауыл жұртының көбікөшкіннен сақтанып, көрші мекендерге көшіп жатқаны жергілікті баспасөз беттеріндежарияланып келген. Дегенмен, ауылдағы кей ағайын жаңа жерге көшпек түгілі құмқұрсауына жақын маңдағы 70 жылдан астам уақыт бойы тұрған ескі үйлерініңқұжаттарын реттей алмай отыр.

— Аталған ауылдың Қосаман көшесі №36 үй тұрғыны Айтуған ҚОСАНОВзейнет жасындағықария. Баласы Ертуған ҚОСАНОВ3 ай бұрын бүлдіршіндеріне жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар рәсімдеген.Жәрдемақыны алу үшін үйдің жылжымайтын мүлік қорына тіркелген көк қағазы болукерек екен. Ауыл әкімі Ерлан САТТАРОВүй әкімдіктің мәліметтер базасында жоқ екенін айтып, жанына үй құжаттарыменайналысатын жеке мекеменің қызметкері деп таныстырып, Гүлмира АЙТӨРЕЕВАесімді азаматшаныертіп келіп, сол жеке мекеменің қызметін пайдалану керегін жеткізген. Оданкейін Гүлмира Айтөреева үйдің салығын төлеп келгені туралы анықтаманы, басқа дақұжаттарға қосып, 171 мың теңге алған. Ол үшін үй иелері қолхат та сұрамапты.Бірақ әлі күнге дейін құжаттар дайын болмаған, — деп отбасының туысы Тазагүл ШАЙМЕРДЕНОВАқұжаттардыңтүгенделуін сұрап отыр.

Мәселені айтып Қосаман ауылдық округіәкімдігіне хабарласқанымызда Марат КӘРІБАЕВесімді азамат "үй иелерімен жолықтық, олар бұл мәселе бар, бірақ біреугебарып шағымданған емеспіз деп отыр. Уақыт өте шешілетін нәрсе" деп жауапқайырды. Содан соң ауыл әкімі Ерлан Саттаровпен байланысудың сәті түсті.

— Ол үйдің тұрғанына 70 жылдан астам уақыт болған. Тәуелсіздік алғанға дейінүйдің құжаты ретінде жүретін сары қағазы болатын. Үй иесі Айтуған Қосановтыңбаласы, Ертуған Қосанов балаларына жәрдемақы тағайындау керек болған. Ол үшінүйдің көк қағазы болу керек. Сол бойынша маған өтініш айтып келді. Үйдіңкоммуналдық қызметтерге салық төлейтін себебі, үй салық комитеті базасындатіркелген. Ал жылжымайтын мүлік қорына тіркелмеген. Бұл ауылдағы 20-дан астамүйдің мәселесі. Мен көмегім болсын деп Гүлмира Айтөреева есімді жеке мекеменің(мекеме атын айтпады) өкілін ертіп барып, құжаттарды тағайындау үшін ақылайқызмет көрсететінін айттым. Ал олардың арасында не айтылды, не істеді, қаншақаржы алғанын білмеймін, — дейді ауыл басшысы.

Әкімнен Гүлмира Айтөреевамен қалайхабарласуымызға болатынын сұрағанда, «ол кісі Ақтөбеге тойға кеткен,жуырда сөйлесе алмайды» деді. Туыстары арқылы Гүлмира Айтөрееваның ұялытелефонын тауып, хабарласқанымызда ешқандай мән-жайды айтпайтынын жеткізді:

— Жеке мекеменің атын айтпаймын. Мен ол жерде инженер болып жұмыс жасаймын. Үйиелері маған ақша бергенін дәлелдесін. Құжаттарына келер болсақ, олар әлідайындалып жатыр, — деп қысқа қайырды.

Айтуған Қосановтың туыстары «мұндаймәселе ауылдағы 20-дан астам үйде бар. Халықтың құқықтық сауатсыздығынпайдаланып, заңсыз әрекеттерге бара беруге бола ма» деп отыр.

Фотоны авторұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз