Рамзан Қадыровтың баласына екінші рет «Шешенстан Батыры» атағы берілді
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, өңірлік Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыровқа «Шешенстан Батыры» атағы екінші рет табысталды. Бұл туралы республика үкіметінің төрағасы Магомед Даудов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Адам Қадыров мемлекет алдындағы ерекше еңбегі, халыққа адал қызметі және арнайы әскери операцияны қолдауға бағытталған белсенді қызметі үшін марапатталған.
Адам Қадыров бұл атақты алғаш рет 2023 жылдың қазан айында алған болатын. Сол жылы ол Грозныйдағы тергеу изоляторында Құранды өртеді деп айыпталған Никита Журавельді ұрып-соққаннан кейін қоғам назарын аударған еді.
Осылайша, 18 жастағы Адам Қадыров екі мәрте «Шешенстан Батыры» атанып отыр. Бұған дейін дәл осы марапатты оның әкесі, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та иеленген.
Соңғы жылдары Адам Қадыров бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Олардың қатарында Росгвардияның «Жауынгерлік айырмашылығы үшін» медалі, Байсангур Беноевский атындағы орден, арнайы әскери операцияға қосқан үлесі үшін медаль және Ахмат Қадыров атындағы орден бар.