Live

Ресей қазақстандық азаматты елден шығармай отыр

Ресейден бір айға жуық уақыт бойы шыға алмай жүрген қазақстандық Дмитрий Харисов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.

Дмитрий Харисов

Дмитрий Харисовтың айтуынша, ол - 2007 жылдан бері Қазақстан азаматы. Елде 20 жылдан астам уақыт тұрып, еңбек етіп келеді. Орал қаласында өзінің стоматологиялық бизнесі бар. Алайда қазір өзін бюрократиялық қателіктің құрбанына айналдым дейді.

Оның сөзінше, Ресей тарапы Қазақстан азаматтығын растайтын барлық құжатты алғанымен, мәселе әлі күнге дейін шешілмеген. Осы уақыт ішінде кәсібі тоқтап, несие мен қарыздары көбейіп жатқанын айтады.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Харисов шынымен де 2007 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Ресей азаматтығынан бас тартқан. Бірақ қазіргі қиындық Ресей тарапындағы құжаттарға байланысты туындаған.

Еске салайық, 11 мамыр күні Дмитрий Харисовты Ресейден шығармаған. Оның айтуынша, шекарада өзіне деректер базасында әлі де Ресей азаматы ретінде тіркеліп тұрғаны айтылған. Бұған дейін ол шекарадан бірнеше рет еш қиындықсыз өткен.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз