«Ресей іс қозғап, қылмыскер деп жариялаған»: Қазақстандық журналист төрт сағаттан кейін босатылды
Журналист Лұқпан Ахмедияров 22 маусым күні полицияға жеткізілді. Ол төрт сағаттан астам уақыт бөлімшеде болып, кейін босатылған.
Ахмедияров бұл жағдайды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырып отыр. Тергеу барысында журналистен Ресейге соңғы рет қашан барғаны жөнінде сұрақтар қойылған.
«Мен Ресейде көптен бері болған емеспін, баруға да ниетім жоқ. Ал полиция мені 2025 жылы сол елде қылмыс жасап, тергеуден қашып жүр деп отыр. Мұның қайдан шыққаны белгісіз», - деді ол.
Лұқпан Ахмедияров – тәуелсіз журналист, «Просто журналистика» YouTube-арнасының авторы. Ол бұған дейін де бірнеше рет ұсталған. Соңғы уақытта арнасы да бірнеше рет бұғатталғаны айтылады.