Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:40, 20 Қараша 2023

Ресейде губернатор болған Аман Төлеев өмірден озды

Аман Төлеев
Фото: из открытых источников
Ресей Федерациясында губернатор болған, президенттікке бірнеше мәрте үміткер болған, 79 жастағы Қазақстаннан шыққан саясаткер Аман Төлеев өмірден озды.

Бұл туралы Telegram-арнасында Кемерово облысының қазіргі губернаторы Сергей Цивилев жазды.

Аман Гумирович Төлеев өмірден өтті. Ол 1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемеров облысының губернаторы болды. Ашық-жарқын, біртуар азамат еді. Саналы ғұмырын Ресей мен Кузбасқа қызмет етуге арнады, - деді ол.

Еске салайық, Аман Төлеев 2018 жылғы сәуір айында 60 адам, көбісі балалар қаза тапқан "Зимняя вишня" өртіне байланысты митингіден кейін әкім қызметінен кеткен болатын.

Сол жылы Төлеев өзінің саяси мансабын аяқтағанын хабарлаған еді.

 

Тегтер: