Ресейден Қазақстанға 40-тан астам компания көшірілді
Бүгінгі таңда Ресейден Қазақстанға 41 ірі шетелдік компания қоныс аударды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресейден жалпы капиталдандыруы шамамен 1 млрд долларды құрайтын 37 компанияны көшіру процесі жүріп жатыр.
«Біздің тізімде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінде құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар - бұл InDriver, TikTok және т.б.», - деді ресми өкіл.
2022 жылдың жазында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ресей нарығынан кететінін жариялаған халықаралық компаниялардың елге көшуі үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. Өткен көктемде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров олардың 25-і көшуді аяқтап, тағы 67-сі жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Айдаров көшкендердің арасында, Honeywell, TikTok, Indriver, Fortescue, Alstom компанияларын атады.
Ал, Kursiv.kz 2023 жылдың тамыз айында «Полиметал» алтын өндіруші компаниясы Джерси аралынан Қазақстанға көшкенін жазды. Сондай-ақ жақында Кипрден Fix Price және Британдық Виргин аралдарынан Dodo Brands Қазақстанға көшіп жатқаны белгілі болды.
Фото: assembly.kz