Ресейге оптикалық талшық пен дрон жабдықтарын ең көп импорттағандардың бірі Қазақстан азаматы болып шықты – The Insider
Қазақстандық-ресейлік кәсіпкер Ермек Сүйіндіков 2025 жылы Ресейге рекордты көлемде оптикалық талшық (оптоволокно) жеткізген.
Бұл туралы The Insider зерттеуінде айтылды.
Басылымның мәліметінше, ол Ресейде дрондарға арналған талшықты катушкаларға орайтын жабдықтарды сертификаттаумен қатар, ондаған мың дрон құрастыруға жететін түрлі бөлшектерді де импорттаған.
Оптикалық талшық импорты күрт өскен
The Insider дерегінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Ресейге шамамен 9 миллион доллар көлемінде оптикалық талшық импортталған. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Материалдың басым бөлігі Қытайдың Foshan Beyond Import and Export және Hubei Guanqun Import and Export компанияларынан жеткізілген.

Негізгі импорттаушылар
Ресейге жеткізілген оптикалық талшықтың 80 пайыздан астамын екі алушы қабылдаған:
-
Ермек Сүйіндіков;
-
Инкаб.
The Insider мәліметінше, Ермек Сүйіндіков Ресей мен Қазақстанның азаматтығына ие болуы мүмкін және Ресейдің Челябі қаласында тұрады. Оның негізгі бизнесі – болат саудасы.
Оптикалық талшық жеткізілген мекенжай ретінде Санкт-Петербург кеденінің жанындағы Шушары ауданында орналасқан «Шуша» кәсіпорнының аумағы көрсетілген.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Суюндуков Ресейге жалпы көлемі 120 тонна оптикалық талшық импорттаған. Дрондарға арналған бір оптикалық талшық катушкасының салмағы шамамен 2 келіні құрайды. Демек, мұндай көлемдегі талшық ондаған мың дронды байланыс жүйесімен қамтамасыз етуге жетеді.
Сонымен қатар қазақстандық кәсіпкер өткен жылдың алғашқы тоқсанында Ресейге жалпы құны 3,5 миллион доллар болатын 140 мың литий-ионды аккумулятор және қуаты 1 киловатт болатын 50 мың электр қозғалтқышын жеткізген. Мұндай қозғалтқыштар дрондарда пайдаланылуы мүмкін.
Осы кезеңде Суюндуков тағы да:
- 65 мың оптикалық-талшықты байланыс құрылғысын;
- өлшемі 38×38 миллиметр болатын бейнекамераларға арналған 450 келі электронды платаны;
- 15 мың оптикалық объективті;
- 160 келі пропеллерді Ресейге импорттаған.
Ресейде Суюндуков өз импортының бағытына сәйкес келетін бірқатар жабдықтарды сертификаттаған. Олардың қатарында:
- Dongguan Henghui Electronic Technology шығарған аккумуляторлар;
- Dilong New Energy Technology Hebei өндірген аккумулятор зарядтау құрылғылары;
- Shanghai Rui Tai Photoelectric Technology жасаған дрондарға арналған оптикалық талшықты катушкаларға орайтын машиналар бар.
Бұдан бөлек, ол ОНЦ-БС-1(2) үлгісіндегі кеңестік үлгідегі арнайы байонеттік коннекторларды да сертификаттаған.
The Insider редакциясы жолдаған сауалдарға Ермек Сүйіндіков жауап бермеген.
Дрондарға арналған бөлшектер
Басылым деректеріне сәйкес, кәсіпкер 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Ресейге:
-
140 мың литий-ионды аккумулятор;
-
қуаты 1 киловатт болатын 50 мың электрқозғалтқыш;
-
65 мың оптикалық-талшықты байланыс құрылғысы;
-
бейнекамераларға арналған электронды платалар;
-
15 мың оптикалық объектив;
-
пропеллерлер импорттаған.
The Insider бұл бөлшектердің бір бөлігі дрон өндірісінде қолданылуы мүмкін екенін жазады.
Ресейде қандай жабдықтарды сертификаттаған?
Зерттеуде Сүйіндіковтың Ресейде:
-
аккумуляторлар;
-
зарядтау құрылғылары;
-
дрондарға арналған оптикалық талшықты катушкалар орайтын машиналар;
-
арнайы байонеттік қосқыштарды сертификаттағаны айтылған.
Басылым жолдаған сауалдарға кәсіпкер жауап бермеген.
«Инкаб» туралы
The Insider мәліметінше, «Инкаб» компаниясы негізінен азаматтық мақсаттағы оптикалық кабельдер шығарады.
Алайда зерттеу авторларының айтуынша, компания әскери кәсіпорындармен де қаржылық операциялар жүргізген. Сонымен қатар журналистерге кәсіпорын өкілдері дрондарға арналған дайын катушкаларды сата алатынын растаған.
Басылым сондай-ақ компания әскери мақсатта қолданылатын аэростаттарға арналған кабельдер де шығаратынын мәлімдеді.
The Insider бұған дейін де Қытай компаниялары Ресейдің әскери дрон өндірісіне қажетті маңызды компоненттерді жеткізуді жалғастырып отырғанын жазған.
Зерттеу авторларының айтуынша, жеткізілімдер ұлттық валюталар, банктік жүйелер және криптовалюта арқылы жүзеге асырылып келеді.