Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:26, 04 Наурыз 2024

Ресейліктер алдағы Президент сайлауына барғысы келмейді

Meduza photo
Фото: storage.googleapis.com

Ресейліктер сайлауға мүлде қызықпайды. Бұл туралы ресейлік Meduza сайты жазған.

Басылым ақпаратынша, қазір Ресейде сайлауға қатысатын халық санын 70-80% қалай көтереміз деген мәселе өзекті болған. Оның әдісі ретінде, сайлау учаскелеріне партия мүшелерін, мемлекеттік қызметкерлерді, мем.кәсіпорын қызметкерлерін, олардың туыстары мен достарын әкелу жоспарланған.  

Кремль ресейліктердің алдағы президенттік сайлауға мүдделі емес екенін түсінеді: олардың нәтижесі алдын ала белгілі, ал президент әкімшілігі (АП) ең болмағанда электораттың назарын аудару үшін екінші орынға талас төңірегінде интрига жасауы мүмкін. Ал, ең қарапайым және ең дәлелденген әдісі - сайлауға «Единая Россия» мүшелерін, бюджеттік сала қызметкерлерін және мемлекеттік корпорациялар мен ірі бизнес өкілдерін қосу деген қорытындыға келді. Сондай-ақ - олардың әрқайсысын өздерімен бірге туыстары мен достарын әкелуге мәжбүрлейді. Процедураны бақылау да проблема емес. Бұл үшін Әкімшілікте электронды дауыс беру және әртүрлі деңгейдегі алдыңғы сайлауларда бірнеше рет сынақтан өткен басқа да технологиялық құралдар бар, деп жазады басылым. 

 

 

Фото: Meduza.kz