Әлеумет

Республикалық рейд кезінде 500-ден астам автокөліктің жалған нөмірмен жүргені анықталды

10-14 маусым аралығында еліміздің ішкі істер органдары жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтауға бағытталған республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік номері

Рейд қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолы кесілген.

Оның ішінде 500 көліктен жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері табылған. Сонымен қатар мемлекеттік нөмірсіз пайдаланылған 1,5 мыңнан астам көлік анықталған. Заң талаптарын бұзған шамамен 2,5 мың автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызының айтуынша, мұндай фактілердің басым бөлігі қасақана жасалады және көбіне құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында қолданылады. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз