Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:07, 30 Қыркүйек 2024

Риддер қаласының әкімдігі АЭС-ке қарсы митингке рұқсат берген жоқ

у
Фото:Азаттық

Риддер қаласының әкімдігі АЭС-ке қарсы митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы Азаттыққа бейбіт жиын өткізу туралы хабарлама берген жергілікті белсенді Назар Асайынов хабарлаған. 

Енді ол рұқсат бермеу негізсіз деп санайтындықтан, сотқа жүгінбек.

Әкімдіктің Асайыновқа берген жауабында митинг өткізу туралы өтініш заң талаптарына сәйкес толтырылмағаны айтылған. Назар Асайынов мұнымен келіспейді. Ол нақты ненің заң талаптарына сай келмейтінін әкімдік түсіндірмейді дейді. Жауап тек «Бейбіт жиналыстар туралы» заңның 10-бабына ғана қатысты.

Мен 10-бапты негізге ала отырып, хат (митинг туралы хабарлама) жаздым. Жалғыз емес, заңгерлермен бірге жаздым. Олар «Демократиялық Қазақстанда» менің құқығыма қол сұғып отыр. Адвокаттар құжаттарын дайындап жатыр, бүгін кешке әкімдікті сотқа береміз», - деді Асайынов Азаттыққа.

25 қыркүйекте Назар Асайынов 6 қазан АЭС бойынша референдум өтетін күні митинг өткізу туралы хабарламаны тапсырған. 100 адам қатысатын жиында атом электр стансасын салуға қарсылық, референдум комиссиясының басшыларын ауыстыру, облыс әкімінің отставкаға кетуі және жемқорлық үшін жазаны күшейту сияқты талаптар қойылмақ.

Белсенділердің пікірінше, «Қазақстандағы жемқорлық ауқымына байланысты атом электр станциясын салу қауіпті».

Тегтер: