Саясат

Роман Скляр «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды.

Роман Скляр

Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі жалғыз акционерінің 2026 жылғы 15 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілген.

«Қоғамның директорлар кеңесі құрамынан Скляр Р.В. шығарылды», – делінген хабарламада.

Оның орнына директорлар кеңесіне Нұрлыбек Нәлібаев енгізілді.

Жаңартылған құрам бойынша «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі енді 10 адамнан тұрады.

Айта кетейік, Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі еліміздің даму институттарын біріктіретін негізгі мемлекеттік қаржы құрылымдарының бірі саналады. Холдингтің құрамына кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй құрылысы, экспортты дамыту және инвестициялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын ұйымдар кіреді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз