Live

Роман Скляр ERG басшысы болуы мүмкін: Назарбаевқа жақын ескі элита азайып келеді

Financial Times басылымының жазуынша, директорлар кеңесі жаңа бас директорды тағайындау мәселесін жұма күні қарастыруы мүмкін. Басылым дерегінше, бұл қызметке Роман Скляр келуі ықтимал.

Роман Скляр


Қазір Скляр президент әкімшілігін басқарады және ERG директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

FT мәліметінше, Скляр қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге компаниядағы бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды ауыстыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, бас директордан бөлек, қаржы директоры, сату бөлімінің жетекшісі және бас заңгер қызметтерінде де өзгеріс болуы мүмкін.

Сондай-ақ басылым ERG-дің негізін қалаған үш отбасының екеуі өз үлестерін Шахмұрат Мұталіпке 1,4 млрд долларға сатуға дайын екенін жазады.

Financial Times бұл өзгерістерді Қазақстанның шикізат секторындағы буын алмасу үдерісімен байланыстырады. Басылым пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын болған ескі элита өкілдерінің ықпалы біртіндеп азайып келеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз